Тізімге алу жылында он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2011 жылғы қаңтар-наурызда шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2010 жылғы 25 қарашадағы № 17 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 желтоқсанда № 9-2-174 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33–бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17–бабы 3–тармағының негізінде, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейі мен мамандығын белгілеу және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери–техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында ШЕШТІМ:
      1. Тізімге алу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2011 жылғы қаңтар–наурызда "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тұрғылықты жері бойынша тізімге алу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
      2. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тізімге алу бойынша іс-шараны өткізу ұсынылсын.
      3. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған жүктелімді қаланың оқу орындарына жеткізу, алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының жұмысын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны жөнінде хабарландыру беру ұсынылсын. Әскери оқу орындарына түсуге әскери-кәсіптік бағдар беру мақсатында тізімге алу уақытында әр әскерге шақыру жасына дейінгілермен жеке әңгіме жүргізу ұсынылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Рудный қаласы әкімінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 16 "Тізімге алу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылы шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" шешімі жойылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы Рудный қаласының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Ғ. Шалтықов  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады