Лисаков қаласының 2011 жылға арналған мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдаған үйдегі пәтерлерді пайдаланғаны үшін ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 627 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қаңтарда № 9-4-177 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің аппарат 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 13-1-14 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің аппарат 2012.01.06 № 13-1-14 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97- бабы 1-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лисаков қаласының 2011 жылға арналған мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалданған үйдегі пәтерлерді пайдаланғаны үшін ай сайын пәтердің жалпы алаңына бір шаршы метр үшін 97,5 (тоқсан жеті теңге елу тиын) ақы төлеу мөлшері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары А.И. Клименкоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 В. Радченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады