Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындау

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 10 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 ақпанда № 9-6-106 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов

      Аманкелді аудандық мәслихатының
      хатшысы ___________ Ж. Оташев
 

Аманкелді ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 қаңтардағы 
№ 10 қаулысына қосымша  

Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық)
жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
         1) күтуші әлеуметтік жұмыскер;
         2) әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
         1) директор;
         2) жалпы білім беретін мектептерде ғылыми, оқу, оқу–тәрбие,
            бастауыш орта білім берудің директорының орынбасары;
         3) әлеуметтік педагог;
         4) педагог-психолог;
         5) қосымша білім беру педагогы;
         6) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
         7) музыкалық жетекші;
         8) аға жетекші;
         9) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
        10) зертхана, кабинеттің меңгерушісі;
        11) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
        12) аға әдістемеші, әдістемеші;
        13) өндірістік оқыту шебері;
        14) аға шебері;
        15) концертмейстер;
        16) медициналық бике;
        17) емдәм бикесі;
        18) кітапханашы;
        19) кітапхана меңгерушісі;
        20) логопед;
        21) психологтік-педагогикалық түзету кабинетінің
            меңгерушісі;
        22) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;
        23) хормейстер;
        24) жаттықтырушы-оқытушы;
        25) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
         1) ұйымның басшысы;
         2) мәдени ұйымдастырушы;
         3) қор қоймасының меңгерушісі;
         4) суретші;
         5) кітапханашы, аға кітапханашы;
         6) кітапхана меңгерушісі;
         7) әртіс;
         8) режиссер;
         9) редактор;
        10) әдістемеші, аға әдістемеші;
        11) администратор;
        12) дирижер;
        13) басқару пультінің операторы;
        14) нұсқаушы;
        15) әнші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады