Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес, ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Қостанай облысы Жангелдин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді 2010 жылғы қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Село, ауыл және ауылдық (селолық) округтердің әкімдері тіркеуге жататын шақырылған жастарды шақыру учаскелеріне дер кезінде жеткізу, тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімін табыс ету қамтамасыз етілсін.
3. Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің "Жангелдин аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеуге шақырылған жастарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру және жетіспейтін дәрігер мамандар мен кіші медициналық қызметкерлерімен толығынан және дәрігерлік комиссияның өтетін орнымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркелуін өткізу жөніндегі медициналық комиссия қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін, сол сияқты аудандық бюджет есебінен белгіленіп бөлінген қаржы көлемінде емдеу сауықтыру мекемелерінде медициналық тексеру шараларын қаржыландыруды шешуді жузеге асырсын.
5. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі екі айға "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2 техникалық қызметкер жіберу көзделсін.
6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) мыналар ұсынылсын:
1) тіркелуден бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин
ауданының әкімі Н. Төлепов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Жангелдин ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ С. Жаркин
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
Ішкі істер департаменті Жангелдин
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________ А. Қабажаев
Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай
облысы денсаулық сақтау департаментінің
"Жангелдин аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынының бас дәрігері
_________________________ Б. Уалиев