Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 1-3) тармақшасына сәйкес, "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" Жітіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-133 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 7) тармақшасында "600 теңге" деген сандар мен сөз "бір айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Жітіқара ауданының әкімі Қ. Испергенов