1994 жылы туған жынысы ер азаматтарды Қостанай облысы Қамысты ауданының шақыру участкесіне тіркеудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 6 шешімі. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 қаңтарда № 9-11-112 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 5 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3-тармағына, сәйкес Қамысты ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2011 жылдың қаңтар-наурызында тiркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын жынысы ер азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
      2. "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын (келісім бойынша) медициналық комиссияны қажетті дәрігер-мамандармен сондай-ақ тіркелінетін азаматтарды сапалы медициналық куәләндіру үшін керекті медициналық аспаптармен және медициналық мүліктермен жинақтасын, аудандық ауруханада кезектен тыс амбулаториялық және станционарлық қаралу үшін жағдай туғызсын.
      3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тіркеу кезеңінде тіркеуден жалтарған тұлғаларды іздестіруді және шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде өзара iс-қимылды ұйымдастырсын.
      4. "Қамысты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 1994 жылы туған жынысы ер азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды Қамысты ауданы әкімдігінің қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат есебінен, "Әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шаралар" бағдарламасы бойынша жүзеге асырсын.
      5. Тіркеу жүргізу уақытында әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі іс-шаралар өткізілсін. "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қамысты аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, оқу орындарға әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу нарядтарын жеткізсін, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары бойынша анықтама материалдарымен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарламалар берсін. Тіркеу уақытында әскери-оқу орындарына түсуге әскери-кәсіби бағыттау мақсатымен әр әскерге дейінгілермен жеке әңгіме жүргізсін.
      6. Селолық округтар мен селолардың әкімдері комиссия жұмысының кестесіне сәйкес тіркелуге жататын жігіттердің уақытында келулерін қамтамасыз етсін.
      7. Атқарған жұмыстар туралы Қамысты ауданы әкімінің аппаратын 2011 жылдың 25 наурызына хабардар етсін.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Даулетбай Махмұтбайұлы Құлмановқа жүктелсiн.
      9. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының әкімі                    Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Қамысты ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлiмi"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Берекетов Б.Н.

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      Қамысты орталық аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынының бас дәрігері
      _______________ Жанұзақов М.Г.

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер Министрлігі ішкі істер
      Департаменті Қамысты ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ Өмірбаев Р.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады