Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 56-бабына, Қостанай ауданы бойынша салық басқармасының 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 39-08-ОАНП/4261 хатына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-14-120 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпандағы аудандық "Арна" газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға көтерілсін:".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық | |
мәслихатының кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | С. Есментаев |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Досжанов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің салық
комитеті Қостанай облысы
бойынша салық Департаментінің
Қостанай ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Б. Сулейменов