Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 ақпанда № 9-14-120 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387, 379, 381 және 383-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға көтерілсін:
      1) алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2015.03.11 № 278 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      ) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда);
      3) жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда;
      4) елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010.10.22 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді); 2010.12.21 № 390 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таратылады); 2015.03.11 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкаларын өзгерту туралы" 2003 жылғы 23 наурыздағы № 167 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2149 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 25 сәуірдегі "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды) күші жоғалды деп танылсын.
      3. Осы шешім баспасөзде бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы С. Байгабулов
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің
      салық комитеті Қостанай облысы бойынша салық
      Департаментінің Қостанай ауданы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________________ Б. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады