Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 349 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қарашада № 9-14-137 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 56-бабына, Қостанай ауданы бойынша салық басқармасының 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 39-08-ОАНП/4261 хатына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-14-120 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпандағы аудандық "Арна" газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға көтерілсін:".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы С. Есментаев
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      қаржы Министрлігінің салық
      комитеті Қостанай облысы
      бойынша салық Департаментінің
      Қостанай ауданы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ Б. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады