Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-14-120 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпандағы аудандық "Арна" газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа" сөздері жойылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таратылады.
Қостанай аудандық мәслихатының | |
кезекті сессиясының төрағасы | К. Балапанова |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Досжанов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің
салық комитеті Қостанай облысы бойынша салық
Департаментінің Қостанай ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________________ Б. Сулейменов