Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда № 9-14-142 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-14-120 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпандағы аудандық "Арна" газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа" сөздері жойылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таратылады.
      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезекті сессиясының төрағасы К. Балапанова
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің
      салық комитеті Қостанай облысы бойынша салық
      Департаментінің Қостанай ауданы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________________ Б. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады