"Меңдіқара ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 шешімін іске асыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 84 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда № 9-15-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5-бабының 11) тармақшасына, "Меңдіқара ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-119) сәйкес және халықтың ең осал жіктерін әлеуметтік қорғау мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылсын:
      1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде;
      егер баланың қайтыс болу күніне ата-анасының біреуі (ұл, (қыз) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе, немесе зейнеткер не мүгедек болса қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек тағайындалады;
      2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде;
      қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтіне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе тағайындалады және қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді;
      3) емдеудің ұстау кезеңінде туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға біржолғы айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;
      4) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек - балаларға ай сайын оқу кезеңіне айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
      мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ай сайын тағайындалады. Әлеуметтік көмекті төлеу мүгедек балалар үй-интернаттарда немесе санаторлық мектептерде тұрған кезінде жүргізілмейді;
      5) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта зерттеумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек есептік құжаттар негізінде тексеру құнынан жүз пайыз көлемінде тағайындалады және мүгедек баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне төленеді;
      6) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждарына өтініш берген сәттен бастап ай сайын 4000 теңге көлемінде тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болған күнінен немесе оның аудан аумағынан тысқары кетуінен бастап тоқтатылады;
      7) табысы аз азаматтарға біржолғы Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне 583 теңге көлемінде;
      8) табысы аз азаматтарға жеке қосалқы шаруашылығын (ауыл шаруашылығы малына 2 бастан артық емес санымен, құсты 30 данадан артық емес санымен және жем-шөпті) сатып алумен байланысты шығындарды ұтеу бойынша, оның нақты құны көлемінде, бірақ құсты сатып алуға - тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті есе көлемінен артық емес және ауыл шаруашылығы малы мен жем-шөбін сатып алуға- тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінен артық емес біржолғы, жылына бір рет және жан басына шаққандағы орташа табыс белгіленген кедейлік сызығынан аспаса отбасы мүшесінің біреуіне ғана көрсетіледі;
      9) тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар болып табылатын табысы аз азаматтарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір есе көлемінде, тоқсанда бір рет төленеді;
      10) халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқып жатқан жастарға әлеуметтік көмек олардың техникалық немесе кәсіптік білім, сондай-ақ ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін;
      11) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 20000 теңге көлемінде, біржолғы;
      12) I, II - тобы бар мүгедектерге Мүгедектер күніне 1000 теңге көлемінде, біржолғы;
      2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек", "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі                  Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Г. Айсенова

      "Меңдiқара ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ С. Плотникова
 
 

Әкімдіктің         
2010 жылғы 11 наурыздағы  
№ 84 қаулысымен бекітілген 

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың
ТІЗБЕСІ

1. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды
жерлеуге әлеуметтік көмек

      Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ата-анасының (ұл, (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      4) ата-анасының, ұл, (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      осыдан басқа:
      ұл, (қыз) асырап алушылар баланы ұл, (қыз) асырап алу туралы шешімді тапсырады;
      қорғаншылар, (қамқоршылар) қорғаншы, (қамқоршы) куәлігін немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға қорғаншы (қамқоршы) қылып тағайындау туралы шешімін тапсырады.

2. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге
әлеуметтік көмек

      Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
      2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама;
      3) қайтыс болған жұмыссыздың тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      осыдан басқа:
      егер жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынас фактісін растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады;
      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен емес жүзеге асырылса, өтініш беруші салт қызметінен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолық округі әкімі аппаратынан анықтаманы тапсырады.

3. Емдеудің ұстау фазасында туберкулездің жұқпалы
түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға біржолғы
жыл сайынғы әлеуметтік көмек

      Қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекті алуға құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетуге аудандық туберкулезге қарсы аурухананың қолдаухаты. Қолдаухатта құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбалы мөрмен куәландыруы қажет;
      2) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

4. Мүгедек-балаларды компьютерлік томографта
тексерумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек

      Мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексерумен байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті алуға құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) мүгедек-баланы компьютерлік томографта тексеруге облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы;
      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) баланы мүгедек деп тану туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы анықтамасының көшірмесі;
      4) мүгедек-баланың ата-анасының, ұл, (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының (қамқоршысының), өзге де заңды өкілінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі:
      Қазақстан Республикасының азаматтары үшін- тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      шетелдіктер үшін - Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхатының көшірмесі;
      оралмандар мен қашқындар үшін - оралман немесе қашқын деп тану туралы куәліктің көшірмесі;
      ұл, (қыз) асырап алушылар, қорғаншылар, (қамқоршылар) көрсетілген мәртебенін бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады, ұл, (қыз) асырап алушылар мүгедек-баланы ұл, (қыз) асырап алу туралы соттың шешімін тапсырады, қорғаншылар, (қамқоршылар)- қорғаншының, (қамқоршының) куәлігін немесе мүгедек-баланың қорғаншысы, (қамқоршысы) тағайындау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімі;
      5) тексеруге қолма-қол есеп туралы куәландыратын кассалық чек (кассалық чекте көрсетілген сома шартта көрсетілген сомаға ұқсас болу керек);
      6) тексеру өткізілген ұйымның директоры мен бас бухгалтері қол қойған тексерумен байланысты шығыстарды өтеуді төлеу үшін шот (директордың қолы мөрмен куәландыруы керек, шотта компьютерлік томографта тексерілген баланың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі).

5. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және
қатысушыларына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының
қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген
адамдарға әлеуметтік көмек

      Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) жеке куәлігінің көшірмесін;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгеннің куәлігінің көшірмесін;
      3) Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдардың тұрғылықты жерін растайтын құжатттың көшірмесін немесе тұрғылықты жерден анықтаманы.

6. Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы
шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты
шығыстарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмек

      Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығыстарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмекті алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алумен байланысты табысы аз азаматтардың шығыстарын өтеу бойынша қаражатты бөлу туралы селолық округі әкімінің қолдаухаты;
      3) сауда-саттық шарты, оның ішінде жеке тұлғалармен нотариалды немесе селолық округтер әкімдерімен куәландырылған;
      4) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуын растайтын құжат (шот, жөнелтпе құжат, қолхат);
      5) жем-шөп сатып алатын тұлғаларға-малдың немесе құстың барын растайтын селолық округі әкімінің анықтамасы.

7. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне жататын
және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқып жатқан
жастарға әлеуметтік көмек олардың техникалық немесе
кәсіптік білім, сондай-ақ ортадан кейінгі немесе жоғары
білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек

      Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      2) табысы аз азаматтар үшін-отбасы мүшелерінің табысын барын немесе жоғын растайтын құжаттарды;
      3) оқу орнынан анықтаманы;
      4) жоғары немесе орта - арнаулы кәсіптік біліммен маманды даярлау туралы оқу орнымен шартты және берілетін жеңілдіктер туралы оқу орнының бұйрығын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады