Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010.12.31 № 278 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Науырзым аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 "Науырзым ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 36 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-102 тіркелген, 2010 жылғы 19 наурыздағы "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "300" деген сандар "3500" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Ташмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Ә. Сансызбаев
"Науырзым ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Р. Бөдекенова