Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қарашадағы № 217 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 13 желтоқсандағы № 9-16-111 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 345 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2011.08.15 № 345 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Науырзым ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Науырзым аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 310 шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 9-16-110 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 30 қазанда "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған), "Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджет есебінен үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) тиісті жылға заңнамамен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде ай-сайынғы әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін.
      2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      1) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) көрсетіледі;
      2) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арыз берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және тиісті оқу жылы бойы төленеді;
      3) мүгедек балалар интернат үйлерінде немесе санаторлық мектептерде тұратын кезде әлеуметтік көмек төленбейді.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі                   Б. Кеңесбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады