Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 ақпанда № 9-17-93 тіркелді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын басшылыққа алып ШЕШТIМ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. Сарыкөл кентiнде шақыру пунктi ұйымдастырылсын.
      3. "Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорынның бас дәрiгерiне (келiсiм бойынша) "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп тiркеу жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз етуге кепiлдеме берiлсiн.
      4. "Сарыкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша) әскерге шақыру учаскесiне жасөспiрiмдердi тiркеу кезiнде әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды жүзеге асырсын.
      5. Ауылдық округтердiң және Сарыкөл кентiнiң әкiмдерi "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң әскерге шақыру учаскесiне тiркеуден өту үшiн жасөспiрiмдердiң уақытылы келуiн және әскер жасына дейiнгiлердi әскери есепке қабылдауға көмектi қамтамасыз етсiн.
      6. "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтарды әскерге шақыру учаскелерiне тіркеуге байланысты іс-шараларының қаржыландырылуын "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң шығыс сметасында ескерiлген қаржы бөлу есебiнен жүзеге асырсын.
      7. "Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарын 2010 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Сарыкөл ауданы әкiмiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16 шешiмi жойылсын.
      8. Осы шешiмiнiң орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсiн.
      9. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сарыкөл ауданының әкімі                    Қ. Ғабдулин

      КЕЛIСIЛДI

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының
      қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң (ММ) бастығы
      ________________ Т. Өтегенов
      2010.01.22

      "Сарыкөл ауданының iшкi
      iстер бөлiмi" ММ бастығы
      ____________ Т. Қиақбаев
      2010.01.22

      "Сарыкөл орталық аудандық
      ауруханасы" коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынның бас дәрiгерi
      _______________ Ж. Құсаинов
      2010.01.22

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады