Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі "Коммуналдық мүлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 70/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 32/3 қаулысы. Павлодар облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 9 наурызда N 3157 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 112/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 30.06.2011 N 112/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес және коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалану мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі "Коммуналдық мүлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 70/4 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3112 болып тіркелген, "Сарыарқа Самалы" газетінің 2008 жылғы 27, 31 мамырдағы N 57, 59, "Звезда Прииртышья" газетінің 2008 жылғы 17, 24 мамырдағы N 53, 56 нөмірлер жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті мүліктік жалға беру жөніндегі нұсқаулықта:
      40-тармақтағы "жалдаушы" деген сөз "жалға алушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      464748-тармақтар алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады