Ақсу қаласында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі N 458/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 17 тамызда N 12-2-152 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 21 тамыздағы N 551/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 21.08.2013 N 551/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 383 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем есебі әдістемесінің негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, тұрғын алаңның бір шаршы метрі үшін Ақсу қаласында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшері белгіленсін.
      2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ш. Ағжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы
15 шілдедегі N 458/4 қаулысына 
қосымша           

Ақсу қаласында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді пайдаланғанғаны үшін ай сайынғы төлем мөлшері Кондоминимум объектілері болып табылмайтын мемлекеттік
жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын ай сайынғы
жалгерлік айлық төлемінің ЕСЕБІ

      А=Ц/Т/12+Р

      А мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем, айына бір шаршы метр үшін теңге

      Ц тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метр құрылысының (сатып алудың) бағасы, теңге

      Т ғимарат қызметінің есептік мерзімі, жыл

      Р тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер телімін ұстауға қажетті төлемдер сомасы, айына бір шаршы метр үшін теңге

      Р=ГЗ/12/Sn

      ГЗ тұрғын үй-пайдалану қызметінің жылдық шығындар сметасы, жылына теңге

      Sn тұрғын ғимаратта тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр

Мемлекеттік жалгерлік үй (2006 жылы салынған)

      Ленин, 43          Р=454296/12/4797,2=7,89

      Қамзин, 30         Р=366569/12/4437,9=6,88

N р/с

Мекенжайы

Тұрғын үйдің жалпы алаңының  сатып алу құны

Тұрғын үйдің жалпы алаңы

Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метр құрылысының (сатып алудың) бағасы, теңге (Ц)

Ғимарат қызметінің есептік мерзімі, жыл (Т)

Тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге қажетті төлемдер сомасы, айына бір шаршы метр үшін теңге (Р)

Мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем, айына бір шаршы метр үшін теңге (А)

1.

Ленин, 43

107848400

4797,2

22481,53

140

7,89

21,27

2.

Қамзин, 30

157474485

4437,9

35484,01

140

6,88

28,00

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады