Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 06.10.2014 N 1-22/1253 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2) және 11) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін – жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шара ретінде – Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып анықталсын.
2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) еңбек рыногында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып, оларды Жастар тәжірибесіне жіберу үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының (бұдан әрі – Кәсіби оқу орындары) жұмыссыз түлектерінің санын анықтасын.
3. Меншік нысанына қарамастан Ақсу қаласының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жастар тәжірибесі ұйымдастырылады және өткізіледі. Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен шарт негізінде өзара әрекет жасайды. Шартта Жұмыс беруші, сол бойынша жұмысқа қабылдайтын, жұмыссыздардың санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізімін, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығын, Жастар тәжірибесіне қатысушыларды олардың мамандықтарына сәйкес кәсіби біліммен, іскерлікпен және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастырады. Жастар тәжірибесі шеңберінде Кәсіби оқу орындарының түлектеріне - жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын беруге тілек білдірген Жұмыс беруші Уәкілетті органмен тиісті шарт жасасады.
4. Жастар тәжірибесіне Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындарының түлектері қатысуға құқығы бар.
5. Жастар тәжірибесін өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер қаражаты арқылы жүзеге асырылады.
6. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақы төлемі нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен бір айға 26000 (жиырма алты мың) теңге есебінде жүргізіледі.
7. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарына тарайды.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов