Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғарғы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 236/18 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған, кезекті XX сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған, кезекті XIX сессия) "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 241/20 шешімінің негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-255 тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпандағы N 7 "Отарқа" газетінде және 2010 жылғы 11 ақпандағы N 6 "Вести Экибастуза" газетінде жарияланған) N 51/1 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Қаулының кіріспесіндегі "2004 жылғы 14 маусымдағы N 169/5" сөздері мен сандары "2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18" сөздері мен сандарына ауыстырылсын және "облыстың" сөзі алынып тасталсын;
2) Қаулының 3-тармағының 1-тармақшасының бірінші абзацындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеуге ай сайын материалдық көмегін төлеу үшін" сөздері алынып тасталсын;
3) Қаулының 3-тармағының 3-тармақшасының екінші абзацындағы "9" саны алынып тасталсын;
4) Қаулының 3-тармағының 16-тармақшасындағы "облыстың" сөзі алынып тасталсын;
5) Қаулының 4-тармағының 1-тармақшасындағы "4 АЕК мөлшерінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы материалдық көмек" сөздері алынып тасталсын;
6) Қаулының 7-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.
Екібастұз қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Н. Дычко