Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 51/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 2 наурыздағы N 172/3 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 наурызда N 12-3-258 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғарғы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 236/18 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған, кезекті XX сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған, кезекті XIX сессия) "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 241/20 шешімінің негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-255 тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпандағы N 7 "Отарқа" газетінде және 2010 жылғы 11 ақпандағы N 6 "Вести Экибастуза" газетінде жарияланған) N 51/1 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Қаулының кіріспесіндегі "2004 жылғы 14 маусымдағы N 169/5" сөздері мен сандары "2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18" сөздері мен сандарына ауыстырылсын және "облыстың" сөзі алынып тасталсын;
      2) Қаулының 3-тармағының 1-тармақшасының бірінші абзацындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеуге ай сайын материалдық көмегін төлеу үшін" сөздері алынып тасталсын;
      3) Қаулының 3-тармағының 3-тармақшасының екінші абзацындағы "9" саны алынып тасталсын;
      4) Қаулының 3-тармағының 16-тармақшасындағы "облыстың" сөзі алынып тасталсын;
      5) Қаулының 4-тармағының 1-тармақшасындағы "4 АЕК мөлшерінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы материалдық көмек" сөздері алынып тасталсын;
      6) Қаулының 7-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады