Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 30 "2010 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 29 шілдедегі N 160 қаулысы. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 12-4-86 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 309 қаулысы)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2010.12.31 N 309 қаулысы).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 30 "2010 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27-тармақшаларындағы "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі" сөзінен кейін "немесе мекенжай анықтамасы"сөздерімен толықтырылсын;
      2-тармақтың 17-тармақшасындағы "жалғызілікті тұлғаларға – 250 мың теңге мөлшерінде" сөзі алынып тасталсын, "медицина қызметкерлеріне, жоғарғы оқу орнын бітіруші түлектерге" санаты "250 000 теңге мөлшерінде" деген сөздерімен толықтырылсын;
      2-тармақтың 17-тармақшасындағы "отбасылыларға" сөзі "егер отбасында екі дәрігер болса" сөздерімен толықтырылсын.
      2. "Ақтоғай ауданы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" 007 бағдарлама бойынша бюджеттік қаражаттандыру шегінде уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М. Көбенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады