2010 жылы Баянауыл ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 26/2 қаулысы. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда N 12-5-74 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі N 2-26-811 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімі аппарат басшысының 25.09.2013 N 2-26-811 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 1 тармағының 14 тармақшасына және Баянауыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы "Баянауыл ауданының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 137/20 шешіміне сәйкес азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлем беруді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "2010 жылы Баянауыл ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік төлемдер тағайындасын және осы қаулының нұсқаулығында көрсетілген мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдер түрлері бойынша қызметтер көрсетсін.
      3. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2010 жылға арналған аудан бюджетінің шеңберінде жүзеге асырылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Қ. Шәкіров

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
17 ақпандағы N 26/2 қаулысымен
бекітілді        

2010 жылы Баянауыл ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысына, облыс әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 236/18 қаулысына және Баянауыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы "Баянауыл ауданының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 137/20 шешімін негізге ала отырып аудан азаматтарының жекелеген топтарына әлеуметтік төлем тағайындау жүйесін белгілейді.

2. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың
топтары және әлеуметтік төлемдердің түрлері

      1) Аудан төңірегінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 9 мамыр Жеңіс күніне сыйлықтар алуға, материалдық көмек және Астанаға шеруге қатынасатын тұлғаларға форма алуға;
      2) аудан төңірегінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері – ай сайын дәрі алуға;
      3) аудан төңірегінде тұратын Ұлы Отан соғысының және Республикаға, облысқа ерекше еңбегі сіңген ардагерлерге - тоқсан сайын облыс орталығына барған жол ақысын өтеуге;
      4) аудан төңірегінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ауған соғысына және ЧАЭС зардабын жоюға қатынасқандарға – бір реттік тіс протезін жасаттыруға;
      5) аудан төңірегінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – ай сайын коммуналдық төлемдер өтемін жабуға;
      6) аудан төңірегінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің пәтерлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және облыстық Сары арқа самалы және Звезда Прииртышья басылымдарына жазылуы үшін;
      7) аудан төңірегінде тұратын Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, Ауған соғысына және ЧАЭС апатын жоюға қатынасқандар – Астанаға сапарға баруға және оларды Екібастұз қаласындағы теміржол вокзалына апарып, қайтып келгесін алып қайтуға барған көліктің жол шығынын өтеуге;
      8) аудан төңірегінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауған соғысына және ЧАЭС апатын жоюға қатынасқандар - Қазақстан Республикасы көлемінде жылына бір рет госпитальға барғандағы жол ақысын өтеуге;
      9) аудан төңірегінде тұратын Ауған соғысына және ЧАЭС апатын жоюға қатынасқандарға сауықтыру үшін тоқсан сайын қаржылай көмек;
      10) жетім біреудің қамқорлығындағы жоғарғы оқу орындарында оқитын облыс әкімінің гранты берілген студенттер - жоғарғы оқу орнындағы оқуының төлем ақысы, жатаханасына, тамағына және жол ақысына әлеуметтік қаржылай көмек;
      11) аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбастарынан кіріс көзі жан басына шаққанда күн көріс деңгейінен төмен облыстағы жоғарғы оқу орындарына оқитын студенттерге оқуының төлем ақысы, ай сайын жол ақысына, жатаханасына, және тамағына әлеуметтік қаржылай көмек;
      12) мемлекеттік жәрдем ақы немесе басқадай әлеуметтік төлемдер алмайтын Республикалық және облыстық дәрежедегі зейнеткерлерге ай сайын зейнет ақысына қосымша;
      13) жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге тоқсан сайын коммуналдық өтемдерінін төлеуге және облыстық басылымдарға жазылуға;
      14) ең төменгі мөлшерде зейнет ақы алатын зейнеткерлерге коммуналдық төлемдер өтемін төлеуге;
      15) аудан көлемінде қатерлі ісік ауруларымен ауыратындарға бір реттік әлеуметтік көмек;
      16) аудан көлемінде тұратын туберкулез және қатерлі ісік аурумен ауыратындарға – емделуге барған жол ақысының құнын өтеу;
      17) аудан көлемінде тұратын туберкулезбен ауырғандардың амбулаторлық ем алатындарына және тамағына 6 ай бойы әлеуметтік көмек;
      18) аз қамтамасыз етілген әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғаларға емделуге, басқада шұғыл қажеті үшін бір реттік әлеуметтік көмек;
      19) Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен,соғыс жылдары тылда көрсеткен ерен еңбегі үшін марапатталғандар мен 6 ай еңбек еткендерге санаторлық курорттық емделуі үшін;
      20) Ұлы Отан соғысына қатынасқандарға теңестірілгендермен соғыс жылдары тылда көрсеткен ерен еңбегі үшін марапатталғандармен 6 ай еңбек еткендерге Жеңіс күніне орай бір реттік қаржылай көмек және сыйлық алу үшін;
      21) жетім балаларға Наурыз және Жаңа-жыл мерекесіне сыйлықтар алуға, мерекелік дастархан жасауға;
      22) 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар отбастарына мүгедектер күніне бір реттік әлеуметтік көмек;
      23) сал ауруымен ауыратын мүгедек балаларға әлеуметтік оңалту және бейімделуі үшін ай сайын әлеуметтік көмек;
      24) панасыз, жалғыз басты тұрақты мекені жоқ тұлғаларға -  жерлеу рәсіміне бір реттік әлеуметтік төлем;
      25) жұмыссыздар қатарында тіркеуде тұрғандарды 2 ай оқытып кәсіптік даярлау үшін;
      26) аудан төңірегінде тұратын Ауған соғысына және ЧАЭС апатын жоюға қатынасқандарға – ай сайын коммуналдық төлемдер өтемін жабуға;
      27) әскер қатарында жүріп қайтыс болғандардың отбастарына, ҰОС - қайтыс болғандардың жесірлеріне тоқсан сайын коммуналдық төлемдер өтемін төлеуге;
      28) Ұлы Отан соғысына қатынасқандарға теңестірілген әскер қатарында жүріп мүгедектік алғандарға тоқсан сайын коммуналдық төлемдер өтемін төлеуге;
      29) 90 жастан асқан, ұзақ жасаған қарттарға - Қарттар күніне бір реттік әлеуметтік көмек;
      30) медициналық жоғарғы оқу орындарында оқитын 6 курс студенттеріне келісім шарт бойынша оқуының ақысын төлеуге;
      31) медициналық жоғарғы оқу орындарының интернатуранттарына келісім шарт бойынша тәжірибеден өткеніне төлем ақы;
      32) ауданға медициналық жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген мамандарға көтерме ақы;
      33) I - II топтағы мүгедектер мен жасы 16 толмаған мүгедек балаларға дәрігердің жолдамасымен қорытындысына сәйкес операция жасатуға, емделуге және тексерілуге бір реттік әлеуметтік көмек;
      34) өртке және басқада төтенше жағдайларға душар болған отбастарына бір рет әлеуметтік көмек;
      35) аудан төңірегінде тұратын түзету орындарынан босап келгендерге бір рет материалдық көмек;
      36) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға сауықтыру үшін бір реттік әлеуметтік төлем;
      37) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға компьютер сатып алуға бір рет материалдық көмек;
      38) 18 жасқа дейінгі балаларды қамқорлығына алып тәрбиелеп отырған тұлғаға ай сайын әлеуметтік көмек;
      39) I - II топтағы мүгедектерге отын сатып алу үшін бір рет әлеуметтік көмек;
      40) жалғыз басты және жалғыз тұратын мүгедек зейнеткерлерге ай сайын коммуналдық төлемдерін төлеуге;
      41) жалғыз басты тұратын ең төменгі мөлшерде зейнет ақы алатын зейнеткерлерге ай сайын коммуналдық төлемдерін төлеуге;
      42) жүкті әйелдерді алдын – ала диагностикадан өткізіп,есепке қою үшін бір реттік әлеуметтік көмек;
      43) толық емес отбастарына балалар тамағын алуға тоқсан сайын әлеуметтік көмек.

3. Әлеуметтік төлемдерді төлеу тәртібі

      3. Нұсқаудың 2-тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдер "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдерді төлеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша құқылы тұлғаларға 2010 жылдың 3 наурызы күні аудан әкімінің "Тұрғындардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету үшін" аудандық комиссия құру туралы N 6 шешімімен құрылған комиссияның қарауымен төленеді.

4. Әлеуметтік және басқадай төлемдерді жүзеге
асыру үшін қажет құжаттардың тізбесі

       1) нұсқаулықтың 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 13), 14), 19), 20), 22) тармақшасындағы көрсетілген жеке тұлғаларға төлем Баянауыл аудандық зейнетақы және жәрдем ақы тағайындау және төлеу орталығының, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің және кент, ауылдық округ әкімдерінің ұсынған, аты - жөні, туған мезгілі, салық төлеушінің тіркеу номері, тұратын жері, есеп шотының номері көрсетілген тізімдері 22), 23), 26), 27), 28), 33), 36), 37), 38), 39), 40), 41) тармақшалардағы тұлғаларға төлем Баянауыл аудандық зейнетақы және жәрдем ақы тағайындау және төлеу орталығының аты - жөні,туған мезгілі, салық төлеушінің тіркеу номері, тұратын жері жазылған тізіміне сәйкес және төлем алушының есеп шоты көрсетілген өтінішіне бойынша жүргізіледі, 13), 40),41) тармақшалардағы тұлғаларға көрсетілген құжаттардан басқа, жергілікті әкімнің тұрмыстық жағдайын тексеру актісімен қолдау хаты, 33) тармақшадағы топтарға дәрігердің жолдамасымен қорытындысы қажет;
      2) нұсқаулықтың 2 тармағының 10) тармақшасындағы жеке тұлғаларға аудандық білім бөлімінің түсірген тізіміне сәйкес комиссияның шешімімен қабылданады онда баланың аты жөні, туған мезгілі, қамқоршысының аты-жөні, тұратын жері, СТТН және жеке куәлігінің номері көрсетіледі, төлем білім беру қызметтерін көрсету үшін жасалған үш жақты келісім шарт негізінде жасалады;
      3) нұсқаулықтың 2 тармағының 11) тармақшасындағы көрсетілген жеке тұлғалар аудандық комиссияның шешімімен қабылданады төлем жасауға оқитын жерінен анықтама, білім беру қызметтерін көрсету үшін жасалған үш жақты келісім шарт, СТТН, әлеуметтік жеке кодының, жеке есеп  шотының, жеке куәлігінің көшірмесін тапсыруы қажет;
      4) нұсқаулықтың 2 тармағының 12) тармақшасындағы көрсетілген тұлғаларға төлем өзінің жеке есеп шоты көрсетілген өтінішіне сәйкес және оған қоса Баянауыл аудандық зейнетақы және жәрдем ақы тағайындау және төлеу орталығынан мемлекеттік арнайы жәрдем ақы алмайды деген анықтама, мәртебесін растайтын куәлік,азаматтарды тіркеу кітабы, жеке куәлігінің көшірмелерін тапсырғанда жүргізіледі;
      5) нұсқаулықтың 2 тармағының 13), 14) тармақшаларындағы көрсетілген тұлғаларға төлем Баянауыл аудандық зейнетақы және жәрдем ақы төлеу орталығының және кент және ауылдық округ әкімдерінің ұсынған, аты жөні, туған мезгілі, салық төлеушінің тіркеу номері, тұратын жері, жеке есеп шотының номері көрсетілген тізімдеріне сәйкес жүргізіледі 13) тармақшадағы тұлғаларға көрсетілген құжаттардан басқа жергілікті әкімнің тұрмыстық жағдайды тексеру актісімен қолдау хаты қажет;
      6) нұсқаулықтың 2 тармағының 15) тармақшасындағы көрсетілген тұлғаларға төлем өзінің жеке есеп шоты көрсетілген өтінішін, қатерлі ісікпен ауыратыны жөнінде дәрігердің анықтамасын, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің және азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесін тапсырғанда жүргізіледі;
      7) нұсқаулықтың 2 тармағының 16) тармақшасындағы көрсетілген тұлғалардың жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, дәрігердің жолдамасы, салық төлеушінің тіркеу номерінің, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және барып қайтқан жолының билеттері;
      8) нұсқаулықтың 2 тармағының 17) тармақшасындағы көрсетілген тұлғаларға төлем жеке есеп шоты көрсетілген өтініші мен туберкулезге қарсы емдеу ауруханасының амбулаторлық емге шыққаны туралы анықтамасы негізінде жүргізіледі, қосымша жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін тапсыруы қажет;
      9) нұсқаулықтың 2 тармағының 18) тармақшасындағы тұлғаларға төлем жеке есеп шоты көрсетілген өтініші мен ауыл әкімінің тұрмыстық жағдайды тексеру комиссиясының актісі негізінде жүргізіледі қосымша жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін тапсыруы қажет;
      10) нұсқаулықтың 2 тармағының 21) тармақшасындағы тұлғаларға аудандық білім бөлімінің тапсырған тізіміне сәйкес жасалады;
      11) Нұсқаулықтың 2 тармағының 24) тармақшасындағы тұлғаларға ауыл әкімінің тұрмыстық жағдайды тексеру комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі, қосымша қайтыс болғаны жөнінде анықтама, жерлеу рәсімін өткізген тұлғаның жеке есеп шоты көрсетілген өтініші жеке куәләгінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің көшірмесін тапсыру қажет;
      12) нұсқаулықтың 2 тармағының 25) тармақшасындағы  тұлғаларға төлем, жеке есеп шоты көрсетілген өтініші мен жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің көшірмесін тапсыру арқылы жүргізіледі;
      13) нұсқаулықтың 2 тармағының 29) тармақшасындағы тұлғаларға төлем Баянауыл аудандық зейнетақы және жәрдем ақы тағайындау орталығының және ауылдық округ әкімдерінің ұсынған, аты - жөні, туған мезгілі, салық төлеушінің тіркеу номері, тұратын жері, жеке есеп шоты көрсетілген тізімдеріне сәйкес жасалады;
      14) нұсқаулықтың 2 тармағының 30), 31) тармақшаларындағы тұлғаларға төлем, білім беру қызметтерін ұсынғаны туралы үш жақты келісім шарт негізінде жүргізіледі қосымша жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің көшірмесін тапсыру қажет;
      15) нұсқаулықтың 2 тармағының 32) тармақшасындағы тұлғаларға, төлем жасау үшін жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жұмысқа тағайындалғаны жөнінде бұйрық, дипломының, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу номерінің көшірмесін тапсыруы қажет;
      16) нұсқаулықтың 2 тармағының 34) тармақшасындағы тұлғаларға төлем жасау үшін жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, өрт сөндіру мекемесінің актісі, төтенше жағдайдың болғаны жөнінде анықтама, өтініш иесінің жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің көшірмесін тапсыру қажет;
      17) нұсқаулықтың 2 тармағының 35) тармақшасындағы тұлғаларға төлем жасау үшін жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номерінің көшірмесі, түзету орнынан босағаны туралы анықтама;
      18) нұсқаулықтың 2 тармағының 42), 43) тармақшаларындағы тұлғаларға төлем жасау үшін жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, дәрігердің анықтамасы, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу номері және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін тапсыру қажет 43) тармақшадағы тұлғаларға қосымша жалғыз бастылығын растайтын құжат.

5. Әлеуметтік төлемдермен басқада
ұсынылатын жеңілдіктердің көлемі

      Әлеуметтік төлемдердің түрлері Нұсқаулықтың 2 тармағында көрсетілген азаматтардың топтарына тағайындалады:
      1) тармақшадағы топтарға сыйлық алуға бір рет 5000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      материалдық көмек бір рет 20000 теңге көлемінде.
      Астанада шеруге қатынасатын тұлғаға форма алуға бір рет 150000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек:
      2) тармақшадағы топтарға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      3) тармақшадағы топтарға тоқсан сайын нақтылай шығынын өтеу;
      4) тармақшадағы топтарға бір рет 30000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      5) тармақшадағы топтарға ай сайын 6970 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      6) тармақшадағы топтарға бір рет 100000 мың теңге көлемінде және облыстық басылымға жазылуға бір рет 2453 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      7) тармақшадағы топтарға әр адамға 48000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      8) тармақшадағы топтарға бір рет нақтылай шығынын өтеу;
      9) тармақшадағы топтарға тоқсан сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      10), 11) тармақшалардағы топтарға келісім шартта көрсетілген оқу ақысының көлемі және оқу жылының 10 айына 7000 теңгеден әлеуметтік көмек;
      12) тармақшадағы топтарға ай сайын 1 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      13) тармақшадағы топтарға тоқсан сайын 2 АЕК және бір рет 2453 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      14) тармақшадағы топтарға тоқсан сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      15) тармақшадағы топтарға бір рет 10 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      16) тармақшадағы топтарға бір рет нақтылай шығынын өтеу;
      17) тармақшадағы топтарға 6 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      18) тармақшадағы топтарға бір рет 20 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      19) тармақшадағы топтарға бір рет 60000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      20) тармақшадағы топтарға бір рет 5000 теңге материалдық көмек, бір рет 3000 теңге сыйлық алуға;
      21) тармақшадағы топтарға бір рет 450000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      22) тармақшадағы топтарға бір рет 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      23) тармақшадағы топтарға ай сайын 3 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      24) тармақшадағы топтарға бір рет 15 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      25) тармақшадағы топтарға 2 ай оқуы үшін 7000 теңге,2 ай шәкірт ақы 5000 теңге;
      26) тармақшадағы топтарға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      27) тармақшадағы топтарға тоқсан сайын 6 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      28) тармақшадағы топтарға тоқсан сайын 6 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      29) тармақшадағы топтарға бір рет 5000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      30), 31) тармақшалардағы топтарға келісім шартта көрсетілген оқуының және интернатура төлемі;
      32) тармақшадағы топтарға бір рет 252000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      33) тармақшадағы топтарға бір рет 50000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      34) тармақшадағы топтарға бір рет 15 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      35) тармақшадағы топтарға бір рет 5 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      36) тармақшадағы топтарға бір рет 10 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      37) тармақшадағы топтарға бір рет 85000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      38) тармақшадағы топтарға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      39) тармақшадағы топтарға бір рет 6 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      40) тармақшадағы топтарға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      41) тармақшадағы топтарға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      42) тармақшадағы топтарға бір рет 5 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек;
      43) тармақшадағы топтарға тоқсан сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек.

6. Есеп жүргізу мен есеп беру

      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы " 6.451.007.000 бюджеттік бағдарламаның төлемдерін қамтамасыз ету үшін аудандық экономика және бюджеттік бағдарламалар бөліміне қажет қаражат көлеміне жылына бір рет 1 қаңтарға дейін тапсырыс жасайды.
      8. Нұсқаулықтың 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 31), 33), 34), 35), 36), 38), 39), 40), 41), 42), 43) тармақшалардағы топтарға әлеуметтік төлемдер тиісті құжаттарын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырғанда Қазпочта АҚ мен Халық банкісіндегі жеке есеп шотына қаражат аудару арқылы жүргізіледі.
      9. 1), 20), 21) тармақшалардағы топтарға сыйлық алу үшін қаражат осы қызмет түрін көрсететін тұлғалардың есеп шотына аудару арқылы төленеді.
      10. 6), 13) тармақшалардағы топтарға баспасөзге жазылу үшін қаражат Қазпочта АҚ бөлімінің есеп шотына  аудару арқылы жүргізіледі.
      11. 7), 19) тармақшалардағы топтарға осы қызмет түрін көрсететін мекемелермен, тұлғалардың есеп шотына қаражат аудару арқылы жүргізіледі.
      12. 37) тармақшадағы топтарға төлем осы қызмет түрін ұсынатын тұлғалардың есеп шотына қаражат аудару арқылы жүргізіледі.
      13. Тоқсан сайын келесі есепті айдың 5-не жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қаржының уақытында игерілгені жөнінде мәлімет тапсырып отырады.
      14. Төлем жасалған құжаттардың нұсқасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 3 жыл бойы сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады