Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012.02.29 N 15-5/2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-85 тіркелген, 2010 жылы 6 наурызда аудандық "Родные просторы" газетінің 10 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2) тармақшадағы "1950 - 1951 жылдары КСРО үкіметтік органдарының шешімі бойынша шайқастарға қатысқандар (Венгрия)", "бұрыңғы Кеңес үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясы әскерлеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) тармақшада "аз қамтылған азаматтар" "тұрғындардың мақсатты топтарына жататын тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
келесі мағынадағы 30), 31), 32) тармақшалар толықтырылсын:
"30) Қазақстан Республикасы көлімінде темір жол және автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) психикасы бұзылған ерітіп жүруді қажетсінетін 1, 2 топтағы мүгедектерді дәрігерлік зерттеуге және емдеуге ерітіп апаратын тұлғалар";
"31) ТМД елдерінде жерленген жерлерге дейін жол ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аудан аумағында тұрып жатқан тікелей туыстары (ұлы, қызы, немересі, қарындасы)";
"32) мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасылары".
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Аудан мәслихатының
сессиясының төрағасы А. Кирилов
Аудан мәслихатының төрағасы В. Крутиков