Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы (IV шақырылымның кезекті XXI сессиясы) "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне өзгерісте мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 208-4/24 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 шілдеде N 12-6-91 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы N 15-5/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012.02.29 N 15-5/2 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-85 тіркелген, 2010 жылы 6 наурызда аудандық "Родные просторы" газетінің 10 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2) тармақшадағы "1950 - 1951 жылдары КСРО үкіметтік органдарының шешімі бойынша шайқастарға қатысқандар (Венгрия)", "бұрыңғы Кеңес үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясы әскерлеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) тармақшада "аз қамтылған азаматтар" "тұрғындардың мақсатты топтарына жататын тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      келесі мағынадағы 30), 31), 32) тармақшалар толықтырылсын:
      "30) Қазақстан Республикасы көлімінде темір жол және автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) психикасы бұзылған ерітіп жүруді қажетсінетін 1, 2 топтағы мүгедектерді дәрігерлік зерттеуге және емдеуге ерітіп апаратын тұлғалар";
      "31) ТМД елдерінде жерленген жерлерге дейін жол ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аудан аумағында тұрып жатқан тікелей туыстары (ұлы, қызы, немересі, қарындасы)";
      "32) мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасылары".
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       А. Кирилов

      Аудан мәслихатының төрағасы                В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады