Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012.02.29 N 15-5/2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Бюджет Кодексінің" 56 бабы және Железинка аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін белгілеу туралы" N 08/1 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтарының берілген тізімі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы В. Крутиков
Железинка аудан Мәслихатының 2010 жылғы
5 ақпан IV шақырылымның кезекті
XXI сессиясы N 186-4/21 шешіміне
қосымша
Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар
азаматтардың жеке санаттағы тізімі
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2010.06.17 N 208-4/24; 2010.07.15 N 215-4/24; 2010.10.11 N 226-4/28 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.10.13 N 279-4/37 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) "Германиядағы жеңісі үшін", "Жапониядағы жеңісі үшін" медальдарымен марапатталған тұлғалар; "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері; қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылған қатысушылардың қайта некеге тұрмаған жұбайлары (жарлары); әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мүгедек болған әскери қызметтегілер (Кеңес Әскерінің мүгедектері) бұрыңғы Кеңес үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясы әскерлеріне;
3) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған тұлғалар; соғыс жылдары қаза тапқан әскерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері; концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүр ету маңызындағы жерлердің көмелеттік жасқа толмаған тұтқындары; Кеңес Әскерінің құрамына еркін жалданған тұлғалар; бейбітшілік уақытында әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары;
4) "Железин ауданының Құрметті азаматы" атағы бар тұлғалар;
5) 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;
6) облыстың жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері;
7) бас бостандығынан айырылу орындарынан босатылған тұлғалар (босатылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей өтініш ұсынғандар);
8) амбулаторлық емдеумен қолдау кезеңінде жүрген құрт ауруымен ауыратындар;
9) облыстық онкологиялық диспансерге тексерілуге және оперативті емдеуге (операция, химиятерапия,сәуле терапиясы) жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын онкологиялық аурулар;
10) Павлодар облысының жоғары, орташа арнаулы және орташа кәсіптік оқу орындарында оқитын мүгедек-студенттер;
11) көру бойынша 1, 2 топ мүгедектерін Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
12) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курортық емделуге және медициналық тексерілуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
13) кәсіптік дайындық, қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өтуге жіберілген, өз бетінше жұмыс айналысушылар және "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
14) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және оларды Қазақстан Республикасының шегінде тексерілуге және емделуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
15) Ауғаныстандағы әскери әрекеттер жүргізу кезеңіне қатысқан әскери қызметкерлер;
16) Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюға қатысқан тұлғалар;
17) жалғызбасты, еңбекке жарамсыз зейнеткерлер;
18) Алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2011.10.13 N 279-4/37 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
19) Алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2011.10.13 N 279-4/37 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;;
20) балалар церебриалды параличі диагнозымен ауыратын балалары бар жалғызбасты аналар;
21) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейтін науқас азаматтар;
22) орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жүкті әйелдер (Железин аудандық орталық ауруханасына есепке тұру үшін уақытылы үндегендер);
23) 6 - 7 курста ақылы негізде оқытылатын және білім беру қызметтерін көрсету және төлеуге аудан әкімі мен жоғары оқу орнымен үш жақты келісім жасаған Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының студенттері;
24) кірісі азық-түлік себеті құнынан аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылары;
25) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сонымен қатар "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған тұрғындардың мақсатты топтарына жататын тұлғалар және өз бетінше жұмыс айналасушылар;
26) Павлодар қаласының арнаулы білім ұйымында оқытылатын есту кабілеті бұзылған мүгедек балалар, сондай-ақ оларды шығарып салушы тұлғалар;
27) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер;
28) Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтар;
29) орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, аз қамтамасыз етілген отбасылар қатарынан шыққан жалғыз басты әйелдер.
30) Қазақстан Республикасы көлімінде темір жол және автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) психикасы бұзылған ерітіп жүруді қажетсінетін 1, 2 топтағы мүгедектерді дәрігерлік зертеуге және емдеуге ерітіп апаратын тұлғалар;
31) ТМД елдерінде жерленген жерлерге дейін жол ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аудан аумағында тұрып жатқан тікелей туыстары (ұлы, қызы, немересі, қарындасы);
32) барлық санаттағы бірінші, екінші топтағы мүгедектер;
33) жетім балалар, ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар, балаларға арналған жәрдем ақыларының басқа түрлерін алмайтын қамқоршылар;
34) ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеу үшін келген жас дәрігерлер;
35) аудан әкімі және жоғары білім беру медициналық оқу орындарымен қызметтерін көрсету және төлеу үшін үш жақты келісім – шарт жасаған және ауданға қажетті медициналық оқытылып жатқан Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу студенттері.