Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар Железинка аудан азаматтарының жеке санаттағы тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы N 15-5/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 наурызда N 12-6-138 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 25-5/3 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012.04.13 N 25-5/3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Железинка аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар Железинка аудан азаматтарының жеке санаттағы тізімі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Железинка аудандық мәслихатының шешімдері 2 қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железинка аудандық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       О. Джумалинов

      Железинка аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Крутиков

Железинка аудандық мәслихатының   
(V сайланған II (кезектен тыс) сессиясы)
2012 жылғы 29 ақпан N 15-5/2 шешіміне 
1 қосымша             

Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар Железинка
аудан азаматтарының жеке санаттағы тізімі

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
      2. "Германиядағы жеңіс үшін", "Жапониядағы жеңісі үшін"; медальдарымен марапатталған тұлғалар; "1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері.
      3. Қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатусышылар мен мүгедектерінің және жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылған қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері); әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мүгедек болған әскери қызметтегілер (Кеңес Әскерінің мүгедектері).
      4. Бұрыңғы Кеңес үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясының әскерлері.
      5. Ауғаныстандағы әскери әрекеттер жүргізу кезеңіне қатысқан әскери қызметкерлер; Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюға қатысқан тұлғалар.
      6. "Ленинградты қорғағаны үшін", "қоршаудағы Ленинград тұрғыны"  медальдарымен марапатталған тұлғалар;
      соғыс жылдары қаза тапқан әскерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері;
      концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүр ету маңызындағы жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары;
      кеңес әскерінің құрамына еркін жалданған тұлғалар; бейбітшілік уақытында әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.
      7. Ұлы Отан соғысы кезінде 1941-жылдың 22-маусымынан 1945-жылдың 9-мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген азаматтар.
      8. Облыстың жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері.
      9. Зейнеткерлік жастағы тұлғалар.
      10. Жұмыс істемейтін жалғызбасты зейнеткерлер.
      11. Әлеуметтік мәңызы бар науқас азаматтар.
      12. Бас бостандығынан айырылу орындарынан босатылған тұлғалар, босатылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей өтініш ұсынғандар.
      13. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, дәрігерлік кеңесінің анықтамасы негізінде денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейтін науқас азаматтар.
      14. Жан басына шаққанда орташа табысы азық-түлік қоржынынан аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан дер кезінде ауруханаға есепке тұрған жүкті әйелдер.
      15. Кірісі азық-түлік себеті құнынан аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылары.
      16. 18 жасқа дейін дамуында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар.
      17. 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және оларды Қазақстан Республикасының шегінде тексерілуге және емделуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар.
      18. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар кәсіптік даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға жіберілген тұлғалар.
      19. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, аз қамтылған "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар.

Железинка аудандық мәслихатының   
(V сайланған II (кезектен тыс) сессиясы)
2012 жылғы 29 ақпан N 15-5/2 шешіміне
2 қосымша             

Железинка аудандық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің Тізімі

      1. 2010 жылғы 5 ақпандағы N 186-4/21"Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-85 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 наурыздағы аудандық "Родные просторы" газетінің N 10 жарияланған).
      2. 2010 жылғы 17 маусымдағы N 208-4/24 "2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін бекіту туралы N 186-4/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-91 болып тіркелген, 2010 жылғы 31 шілдеде аудандық "Родные просторы" газетінің N 31 жарияланған).
      3. 2010 жылғы 15 шілдедегі N 215-4/24 "2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін бекіту туралы N 186-4/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-93 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 тамыздағы аудандық "Родные просторы" газетінің N 34 жарияланған).
      4. 2010 жылғы 11 қазандағы N 226-4/26 "2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-98 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 қарашадағы аудандық "Родные просторы" газетінің N 46 жарияланған).
      5. 2011 жылғы 13 қазандағы N 279-4/37 "2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-124 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 желтоқсандағы аудандық "Родные просторы" газетінің N 49 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады