Ертіс ауданы Голубовка ауылының "Абай" атындағы ЖШС, "Нан" ШҚ шектеулі шараларды салу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 28/1 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 наурызда N 12-7-96 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 26 мамырдағы N 189/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010.05.26 N 189/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы, 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының (бұдан әрі - ҚР АШМ ЕААИ) 2010 жылғы 6 ақпандағы ұсынысына сәйкес, ірі қара мал құтыруының алдын алу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ертіс ауданы Голубовка ауылының "Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - ЖШС), "Нан" шаруа қожалығына, (бұдан әрі - ШҚ) ірі қара малдардың құтыруы бойынша шектеулі шаралар салынсын.
      2. Ертіс ауданы Голубовка ауылының "Абай" атындағы ЖШС, "Нан" ШҚ ірі қара малдардың құтыруының алдын алу және жою бойынша 2010 жылға арналған кешенді жоспары қосымшаға сәйкес мақұлдансын.
      3. ҚР АШМ ЕААИ ветеринарлық қадағалау бөліміне (келісім бойынша) және "Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау Комитеті Департаментінің Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - МСЭКДБ) (келісім бойынша):
      1) ірі қара мал бастарының құтыруын алдын алу бойынша шараларды өткізу;
      2) шектеуді алғанға дейін, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырындағы N 266 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2003 жылғы 14 мамырындағы N 376 біріккен бұйрығымен бекітілген, адамдарға және малдарға ортақ (құтыруын) жұқпалы аурулармен күрес және алдын алу бойынша Ветеринарлық-санитарлық және санитарлы-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес қажетті шаралар қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау ҚР АШМ ЕААИ (Қ.С. Қозыбаев) және Ертіс ауданының МСЭКДБ (З.Б.Дүйсембина) (келісім бойынша) жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В. Левченко

      КЕЛІСІЛДІ

      ҚР АШМ ЕААИ бастығы
      2010 ж. 12 ақпан                           Қ. Қозыбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Ертіс ауданы бойынша МСЭҚБ бастығы
      2010 ж. 12 ақпан                           З. Дүйсембина

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
12 ақпанындағы қаулысына N 28/1
қосымша          

Ертіс ауданы Голубовка ауылының "Абай" атындағы ЖШС,
"Нан" ШҚ ірі қара малдардың құтыруының алдын алу және
жою бойынша 2010 жылға арналған КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ

р/с

Шаралардың атаулары

Орындаушылар

Мерзімі

Бақылау

1

2

3

4

5

1. Жағдайы нашар пунктердегі шаралар

1

Голубовка ауылының аумағындағы "Абай"  атындағы ЖШС, "НАН" ШҚ аймағына құтырғандықты еңгізуін алдын алу және жою бойынша шаралардың орындалуын іске асыру және бақылау

"Абай атындағы" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары (келісім бойынша), ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылық бөлімі" ММ

Үнемі

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

2

Голубовка ауылының  аумағынан және аумағына ауылшаруашылық малдардың, өнімдердің және мал өнімдерінің әкелуіне және шығаруына тиым салу

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ

Шектеу салған мерзімге

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

3

Голубовка ауылының Абай атындағы ЖШС, "НАН" ШҚ ауылшаруашылық малдарының күнделікті клиникалық байқауын жасау. Ауру малдарды жедел түрде оқшаулап, жағу әдісімен жою

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ

Шектеу салған мерзімге

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

4

Клиникалық сау малдарды нұсқауға сәйкес құтырғандыққа қарсы вакцинасымен екпе жасау. Екпе жасалған малдарға бақылау белгіленсін

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ

Шектеу салған мерзімге

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

5

Ауру ошағында және жайсыз аумақта нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялық шараларды іске асыру

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ

Шектеу салған мерзімге

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

6

Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылығының, ауыл әкімдігімен, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық басқармасымен мезгілді ақпаратпен уақытында ауысу

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ

Үнемі

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

7

Ауыл амағында жабайы жыртқыштарды ату және қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою бойынша шаралар қабылдау. Ферманың қызмет көрсету персоналына жататын иттерді мал ферманың ауласына жібермеу

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ

Үнемі

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

2. Адамдардың денсаулығын қорғау

1

2

3

4

5

8

Адамдарды құтыру ауруынан қорғау және алдын алу бойынша шараларды өткізу

Ертіс ауданы бойынша МСЭҚБ, "Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері

Үнемі

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

9

Қызмет көрсету персоналын арнайы киіммен қамту

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ

Үнемі

Ертіс ауданы  бойынша МСЭҚБ ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

10

Малдардың союын ветеринарлық-санитарлық сараптаманың өткізілуімен ветеринарлық мамандардың рұқсатымен жасау

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері


 

ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ

11

Құтыруды алдын алу бойынша білімдердің насихаты

"Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ басшылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері


 

Ертіс ауданы  бойынша  МСЭҚБ, "Абай" ЖШС, "НАН" ШҚ башылары, ауыл әкімдігі, шаруашылықтың мал дәрігері, "Ертіс ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      ШҚ – шаруа қожалығы.
      ҚР АШМ АӨК ЕААИ ВСБ - Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігінің агроөндірістік кешеніндегі Ертіс аумақтық инспекциясының ветеринарлық-санитарлық инспекциясының бөлімі.
      Ертіс ауданы бойынша МСЭҚБ - Ертіс ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық–эпидимиологиялық қадағалау басқармасы.
      ММ - мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады