Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 25/2 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда N 12-9-108 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, аудандық мәслихаттың (IV сайланған, кезектен тыс XVІІI сессиясы) 2010 жылғы 11 ақпандағы "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санатын бекіту туралы" N 5/16 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 2/18 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 (нормативті-құқықытық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-104 болып тіркелген. 2010 жылғы 18 ақпанда "Аққу үні" газетінің N 14 санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ келесі мазмұндағы 36), 37), 38) – тармақшаларымен толықтырылсын:
      36) 1 жасқа дейінгі нәрестелер;
      37) үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар;
      38) Ұлы Отан соғысына қатысқанның отбасынан өкілдер (А. Баймульдин).
      2-тармақ келесі мазмұндағы 30), 31), 32) – тармақшаларымен толықтырылсын:
      30) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – балалар тамағын сатып алуға ай сайынғы материалдық көмек төлеуге –  "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, аурухананың балалар тамағы қажеттігі туралы анықтамасы;
      31) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – компьютерлік құрал сатып алуға бірреттік материалдық көмек төлеуге –  ата-ананың (қамқоршы, қорғаушы) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, облыстық психология-медикалы-педагогикалық консультация қорытындысы;
      32) 1-тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – Псков облысына баруға бірреттік материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, екі жаққа қолданылған жол билеттері.
      3-тармақ келесі мазмұндағы 33), 34), 35) – тармақшаларымен толықтырылсын:
      33) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – ай сайынғы материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
      34) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 80000 теңге көлемінде;
      35) 1-тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек екі жаққа қолданылған жол билеттерінің нақты құнының көлемінде;
      3-тармақтың 29)-тармақшасындағы "3500 теңге" сөзі "3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Бұл қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      3. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2010 жылға арналған аудандық бюджеттің шегінде жүзеге асырылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 27 января 2010 года N 7/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2010 год"

Постановление акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 26 февраля 2010 года N 25/2. Зарегистрировано Управлением юстиции Лебяжинского района Павлодарской области 11 марта 2010 года N 12-9-108. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима Лебяжинского района Павлодарской области от 06 марта 2014 года N 31/1-36/89)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима Лебяжинского района Павлодарской области от 06.03.2014 N 31/1-36/89).

      В соответствии с подпунктом 14 пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", решением районного маслихата (внеочередная XVIII сессия IV созыва) от 11 февраля 2010 года N 2/18 "О внесении дополнений в решение районного маслихата от 25 декабря 2009 года N 5/16 "Об утверждении категории граждан, имеющие право на социальные выплаты в 2010 году", в целях оказания социальной помощи отдельным категориям граждан, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В постановление акимата Лебяжинского района от 27 января 2010 года N 7/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2010 год" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 12-9-104, опубликовано в газете "Аққу үні" 18 февраля 2010 года N 14) внести следующие изменения и дополнения:
      Пункт 1 дополнить подпунктами 36), 37), 38) следующего содержания:
      36) новорожденные дети до 1-го года;
      37) дети инвалиды, воспитывающиеся и обучающиеся на дому;
      38) представители от семьи участника Великой Отечественной войны (А.Баймульдин).
      Пункт 2 дополнить подпунктами 30), 31), 32) следующего содержания:
      30) для категории указанной в подпункте 36) пункта 1 - для выплаты ежемесячной материальной помощи, на приобретение детского питания - заявление с указанием номера лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта", копии удостоверения личности, регистрационного номера налогоплательщика, социального индивидуального кода, копии книги регистрации граждан, справка с больницы о необходимости детского питания;
      31) для категорий указанных в подпункте 37) пункта 1 - для выплаты единовременной материальной помощи, на приобретение компьютерной техники - заявление родителей (опекуна, попечителя) с указанием номера лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта", копии удостоверения личности, регистрационного номера налогоплательщика, социального индивидуального кода, копии книги регистрации граждан, заключение областной психолого-медико-педагогической консультации;
      32) для категории указанной в подпункте 38) пункта 1 - для выплаты единовременной материальной помощи, на поездку в Псковскую область - заявление с указанием номера лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта", копии удостоверения личности, регистрационного номера налогоплательщика, социального индивидуального кода, копии книги регистрации граждан, использованные билеты в оба конца.
       В подпункте 29) пункта 3 заменить слово "3500 тенге" на "3 МРП";
      пункт 3 дополнить подпунктами 33), 34), 35) следующего содержания:
      33) для категории указанной в подпункте 36) пункта 1 – ежемесячная материальная в помощь в размере 2 МРП;
      34) для категорий указанных в подпункте 37) пункта 1 – единовременная материальная помощь в размере 80000 тенге;
      35) для категории указанной в подпункте 38) пункта 1 – единовременная материальная помощь в размере фактической стоимости проезда в оба конца.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Финансирование социальных выплат осуществляется в рамках районного бюджета на 2010 год.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Сагандыкова Н.О.

      Аким района                                С. Апсаликов