Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 17.10.2013 N 1-19/184 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы арналған әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматттардың санаты туралы" (2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 12-9-100 нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, аудандық "Аққу үні" газетінде 2010 жылғы 16 қаңтардағы N 05/7399 нөмірінде жарияланған) N 5/16 шешіміне толықтырулар енгізілсін.
2. 2010 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты толықтырылып бекітілсін (қосымша тіркеледі).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Бұл шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы Қ. Тлеуғабыл
Аудандық мәслихат хатшысы М. Смағұлов
Аудандық мәслихаттың
2010 жылдағы 11 ақпандағы
N 2/18 шешіміне
қосымша
2010 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке
құқығы бар азаматтардың санаты
"36) 1 жасқа дейінгі нәрестерелер;
37) үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар;
38) Псков облысында қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысқандар жанұясының өкілі (А.Баймульдин)."