Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, аудандық мәслихаттың (IV сайланған, кезектен тыс XVІІI сессиясы) 2010 жылғы 11 ақпандағы "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санатын бекіту туралы" N 5/16 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 2/18 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 (нормативті-құқықытық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-104 болып тіркелген. 2010 жылғы 18 ақпанда "Аққу үні" газетінің N 14 санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ келесі мазмұндағы 36), 37), 38) – тармақшаларымен толықтырылсын:
36) 1 жасқа дейінгі нәрестелер;
37) үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар;
38) Ұлы Отан соғысына қатысқанның отбасынан өкілдер (А. Баймульдин).
2-тармақ келесі мазмұндағы 30), 31), 32) – тармақшаларымен толықтырылсын:
30) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – балалар тамағын сатып алуға ай сайынғы материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, аурухананың балалар тамағы қажеттігі туралы анықтамасы;
31) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – компьютерлік құрал сатып алуға бірреттік материалдық көмек төлеуге – ата-ананың (қамқоршы, қорғаушы) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, облыстық психология-медикалы-педагогикалық консультация қорытындысы;
32) 1-тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – Псков облысына баруға бірреттік материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, екі жаққа қолданылған жол билеттері.
3-тармақ келесі мазмұндағы 33), 34), 35) – тармақшаларымен толықтырылсын:
33) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – ай сайынғы материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
34) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 80000 теңге көлемінде;
35) 1-тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек екі жаққа қолданылған жол билеттерінің нақты құнының көлемінде;
3-тармақтың 29)-тармақшасындағы "3500 теңге" сөзі "3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)" сөзімен ауыстырылсын.
2. Бұл қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2010 жылға арналған аудандық бюджеттің шегінде жүзеге асырылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов