2010 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 5/16 шешімі. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 желтоқсанда N 12-9-100 тіркелген. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 қазандағы N 1-19/180 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 11.10.2013 N 1-19/180 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-шы бабы 1-ші тармағын сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты  бекітілсін (қосымша тіркеледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Бұл шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Айтпаев
      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Смағұлов

Аудандық мәслихаттың  
2009 жылдағы 25 желтоқсандағы
N 5/16 шешіміне     
қосымша        

2010 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке
құқығы бар азаматтардың санаты

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2010.02.11 N 2/18; 2010.06.17 N 4/21 шешімдерімен.

      1) Ұлы Отан соғысына (әрі қарай ҰОС) қатысқандар және мүгедектер;
      2) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер және бұрынғы Одақ ордені және медальдарымен марапатталмағандар;
      3) ҰОС қатысып қайтыс болғандардың жұбайлары;
      4) ҰОС кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің қайтадан неке құрмаған жұбайлары;
      5) Ауған соғысына қатысқандар;
      6) Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандар;
      7) бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь, гетто және де басқа тұтқындары;
      8) "Қайсарлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері;
      9) бейбітшілік кезінде қаза болған жауынгерлердің отбасыларына;
      10) қайтыс болу кезенінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарды жерлеу рәсімін атқаратын тұлғалар;
      11) білім және денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар;
      12) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер;
      13) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      14) орташа табысы күн көріс минимумынан төмен тіршілік ететін, төтенше жағдайға ұшырап қалған тұлғалар (өрт, үй тонау, бір айдан аса созылған аурулар және тағы басқалары);
      15) отбасылық кірісі бекітілген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтар;
      16) "Облыс алдындағы ерен еңбегі" белгісімен марапатталған тұлғалар;
      17) Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемелерде квота бойынша тексерілген және емделуді өтіп жатқан азаматтар;
      18) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан және жетім балалар қатарынан мемлекеттік оқу грантына ие бола алмаған студенттер;
      19) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      20) туберкулезбен ауыратындар;
      21) онкологиялық аурумен ауыратындар;
      22) "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыздар, кәсіптік оқуда жүрген уақытта;
      23) жоғарғы медициналық оқу орындарында ақырғы курстарында оқып жүрген студенттер;
      24) тірек қозғалу аппараты бұзылған және сол диагнозы қойылған балалар;
      25) мөлшері төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      26) үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде тіркеуде тұрған жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдар;
      27) атаулы әлеуметтік көмек алушылар және балаларға берілетін жәрдемақы алушылар;
      28) 1,2 - топтағы мүгедектер;
      29) жүктілігі бойынша 12 аптаға дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдер;
      30) ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар;
      31) зейнетақы жасындағы еңбекке қабілетсіз жұмыссыз азаматтар;
      32) зейнетақы жасындағы жұмыссыз азаматтар;
      33) коляскамен жүретін мүгедектер;
      34) көзі көрмейтін мүгедектер;
      35) гемодиализ өткізуді қажет ететін тұлғалар;
      36) 1 жасқа дейінгі нәрестерелер;
      37) үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар;
      38) Псков облысында қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысқандар жанұясының өкілі (А.Баймульдин);
      39) "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдарымен марапатталған көпбалалы аналар;
      40) жетім балалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады