Май ауданында 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі N 67/4 қаулысы. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 мамырда N 12-10-97 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы N 156/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2011.05.23 N 156/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына және 18-1 бабының 1 тармағына сәйкес және Май ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданының аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынандай санаттарымен толықтырылсын:
      1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан адамдар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) туберкулезбен ауыратын тұлғалар;
      5) 24 жасқа дейінгі білім оқу орындарының түлектері;
      6) жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, табысы аз адамдар қатарындағы тұлғалар, толық емес жұмыс уақыты режимімен қамтылған жұмысшылар, сонымен қатар 2010 жылы кәсіби даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттырудан өткен жұмыссыздар.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      3. Мақсатты топтардың ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын берушілердің тізімі (келісім бойынша) және қатысушы адамдардың саны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ашуды Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Р.Ш. Байтлеуов) келісім-шарт негізінде жұмыс берушiлермен жүзеге асырсын.
      6. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы "Май ауданында 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімілінде N 12-10-82, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2009 жылдың "30" мамырындағы 21 нөмірінде жарияланған) N 78/4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкiмi аппаратының басшысы және аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтары жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А.Б. Байғалиевқа жүктелсiн.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 06 сәуірдегі
N 67/4 қаулысымен 
бекітілді    

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы нұсқау халықтың мақсатты тобының ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдармен есеп айырысу жүйесін және негізгі шарттарды реттейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқауда қолданылатын негізгі ұғымдар:
      әлеуметтік жұмыс орны - мақсатты топтарына жататын жұмыссыздардың ішінара төлемақысын төлеу үшін жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен ұйымдастырылған жұмыс орны;
      мақсатты топтар - "Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында белгіленген жұмысқа орнасуда қиындық көрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін топтар.
      2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру жөніндегі заң актілері қолданылады.
      3. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жолдама беруді "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- Өкілетті орган) жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың
тәртібі және оларға жұмыссыздарды орналастыру

      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды мақсатты топтардан  жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің ішінара еңбекақысын төлеу республикалық, жергілікті бюджет қаражатынан ұйымдастырылады.
      5. Өкілетті орган әлеуметтік жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен құру мерзімі және қаржыландырудың шарты жөнінде келісім-шарт жасалады.
      6. Өкілетті орган жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа жіберуді олардың келісімі бойынша ғана іске асырады.
      7. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар Өкілетті органың есебінен шығарылады.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландырудың көздері мен шарттары

      8. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері: мемлекеттік республикалық, жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің қаражаты.
      9. Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" 102 кіші бағдарламасы, "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кенейту" 103 кіші бағдарламасы, "Еңбекпен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасы бойынша республикалық, жергілікті бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру іске асырылады.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу шығыны мемлекеттік республикалық, жергілікті бюджет қаржысы есебінен толықтырылады.
      11. Төлемақы жұмыс берушімен келісім негізінде ішінара өтемақы түрінде жасалады.
      12. Бюджет қаржысы бойынша есептесу жұмыс берушілердің есеп шотына қаржы аудару арқылы жүргізіледі.

4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырудың
және қаржыландырудың тәртiбiн бақылау

      13. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды іске асырады.

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 06 сәуірдегі
N 67/4 қаулысына  
1 қосымша     

Мақсатты топтардың ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді
ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім тапсырады.
      2. Өкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде мынандай талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлеу қабілеттігі, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орынның қауіпсіздік техникасы нормаларына сай болуы, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, Өкілетті органмен жасалған келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде Өкілетті органмен келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс көлемдері, түрлері, еңбек төлемдерінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі және көздері, жіберілген жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындары пайдаланылмайды.
      4. Өкілетті орган халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыссыздарды жұмыспен алты ай қамту мерзімге дейін рұқсат.
      6. Жұмыс берушілер аудандық бюджет қаражатынан еңбек ақысын төлеу бойынша шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20-сына дейін Өкілетті органға белгілеген тәртіпте: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақыты есебінің тізімі, әлеуметтік орындарға қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.
      7. Осы мақсатты топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінің орындалуын бақылау Өкілетті органға жүктеледі.

Май ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 06 сәуірдегі
N 67/4 қаулысына  
2 қосымша    

Әлеуметтiк жұмыс орындарын жұмыс берушiлердің
тiзiмi және қатысушы адамдардың саны

Р/с

Жұмыс берушiлер

Қатысушылардың саны (адам)

1

"Куат" шаруа қожалығының басшысы Абылова Г. (келісім бойынша)

3

2

"Ая" шаруа қожалығының басшысы Бекқожин Ж.Н. (келісім бойынша)

2

3

"Башлам" шаруа қожалығының басшысы Абубакаров Э.М. (келісім бойынша)

10

4

"Со-Пут" шаруа қожалығының басшысы Соломатин Н.В. (келісім бойынша)

3

5

"Ұста-ата" шаруа қожалығының басшысы Бакауов Ж.Б. (келісім бойынша)

3

6

"Ығылман" шаруа қожалығының басшысы Ығылманова Ж. (келісім бойынша)

6

7

"Рахат" шаруа қожалығының басшысы Альжанов Ж.Т. (келісім бойынша)

7

8

"Жалгас" шаруа қожалығының басшысы Касимов К.Т. (келісім бойынша)

1

9

"Жанакова" шаруа қожалығының басшысы Жанакова А.Н. (келісім бойынша)

1

10

"Ташенова" шаруа қожалығының басшысы Ташенова С.М. (келісім бойынша)

4

11

"Жалтырь" шаруа қожалығының басшысы Сабирова К.М. (келісім бойынша)

4

12

"Сартай" шаруа қожалығының басшысы Жунусов С.Ш.( келісім бойынша)

3

13

Жеке кәсіпкер Оспанова А.А. (келісім бойынша)

5

14

Жеке кәсіпкер Сулипова Г.Ш. (келісім бойынша)

5

15

Жеке кәсіпкер Тлеубеков С.К. (келісім бойынша)

8

 

Барлығы:

65

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады