Павлодар ауданы Шақат және Маралды ауылдық округтерінің елді мекендерінде насихаттау басылым материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 22/2 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 ақпанда N 12-11-123 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 445/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010.12.31 N 445/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. N 10 Шақат ауылдық округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың насихаттау басылым материалдарын орналастыру үшін орындар тізімі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Шақат және Маралды ауылдық округтерінің әкімдері, ішкі саясат бөлімі аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың насихаттау басылым материалдарын орналастыру орындарында стендтер, қалқандар немесе қысқа бағаналар орналастыру жөнінде шаралар қолдансын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Р. Солтанғазиновқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

      "Келісілді"

      Павлодар аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              Б. Смағұлова
                                          2010 жылғы 15 ақпан

Павлодар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 15 ақпан   
N 22/2 қаулысына   
қосымша       

N 10 Шақат сайлау округі бойынша аудандық мәслихат
депутаттығына кандидаттардың насихаттау басылым
материалдарын орналастыру үшін орындар тізімі

N р/с

Сайлау учаскесі, ауыл

Орналастыру орны

1

N 384 сайлау учаскесі,
Көктөбе ауылы

Су айдауыш мұнарасы жанында хабарландыру үшін қалқан

2

N 385 сайлау учаскесі,
Шақат ауылы

Ермағамбетов көшесі, 14 мекенжайындағы дәрігерлік амбулаторияға кіреберісте стенд

3

N 386 сайлау учаскесі,
Толыбай ауылы

Ауылдық клубқа кіреберісте қалқан

4

N 387 сайлау учаскесі,
Маралды ауылы

Аймауытова көшесі, 2 мекенжайындағы ауылдық клубқа кіреберісте стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады