Насихаттау жөніндегі баспа материалдарын орналастыратын орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы N 9/1 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 наурызда N 12-13-96 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес барлық кандидаттар үшін насихаттау жөніндегі баспа материалдарын орналастыратын орындарын анықтау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша қосымшаға сәйкес барлық кандидаттарға арналған баспа материалдарын орналастыратын орындарының тізбесі анықталсын және бекітілсін.
      2. Ауылдық округ әкімдері насихаттау материалдарын орналастыратын орындарды стендтер, қалқаншалар және тумбалармен жарақтасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Назымбек Фазылұлы Сәдуақасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

      Келісілді:

      Шарбақты аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Г. Фисенко

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 9 ақпандағы N 9/1
қосымша       

Насихаттау жөніндегі баспа материалдарын орналастыру

N р/с

Ауылдық округтерінің атауы

Насихаттау жөніндегі баспа материалдарын орналастыру орындары

Саны


Алексеевка Алексеевка N 2 округтік сайлау комиссиясы

N 444 сайлау учаскесі Алексеевка ауылы

Ауылдық мәдениет Үйінің, ауылдық округ әкімдігінің, "Алексеевское" ЖШС кеңсесінің ғимараттарының жанында

3 стенд

N 432 сайлау учаскесі Богодаровка ауылы

Ауылдық мәдениет Үйінің ғимаратының жанында

1 стенд

N 433 сайлау учаскесі Назаровка ауылы

Ауылдық мәдениет Үйінің ғимаратының жанында

1 стенд

N 434 сайлау учаскесі Бөріктал ауылы

Бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратының жанында

1 стенд

N 435 сайлау учаскесі Татьяновка ауылы

Бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратының жанында

1 стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады