2010 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 20/1 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда N 12-13-98 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармағының 14) тармақшасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан азаматтарының жеке санатына әлеуметтік төлемдер бойынша қоса берілген Нұсқауы және әлеуметтік төлемдерінің көлемі бекітілсін (одан әрі – Нұсқау).
      2. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" Нұсқауда қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 22 ақпандағы 
N 20/1 қаулысымен    
бекітілді       

Азаматтардың жеке санатына әлеуметтік
төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқауы

      1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдік және әлеуметтік қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысына сәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санатына әлеуметтік көмек көрсету шарттарын толық талдайды.
      2. Әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаты мен әлеуметтік төлем түрлері:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері – Ұлы Жеңіс күніне орай сыйлық жиынтықтары, дәрі–дәрмек алуға ай сайынғы төлемдер, коммуналдық қызмет бойынша Жеңіс Күніне орай біржолғы төлемдер ай сайынғы шығындарды өтеу;
      2) Жеңіс күніне шеруге қатысу үшін Астана қаласына бару үшін жолақысын төлеуге біржолғы төлем;
      3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектерге тұрғын үйлерін жөндеу үшін біржолғы төлем;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектерге газетке жазылу үшін біржолғы төлем;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектерге санаторлық-курорттық мекемелерге бару үшін жолақысын төлеу, тіс протезін салуға біржолғы төлемдер;
      6) "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға коммуналдық қызмет бойынша ай сайынғы шығындарды өтеу;
      7) "1941 - 1945 соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға санаторлық–курорттық мекемелерге дейін жолақысына берілетін біржолғы төлемдер;
      8) концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына тұрғын үйлерін жөндеуге біржолғы төлемдер, ай сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу;
      9) некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне сыйлық жиынтықтары, коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу үшін ай сайынғы төлемдер;
      10) Кореядағы соғыс оқиғаларына қатысушыларға төленетін біржолғы төлемдер;
      11) Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға, 1988 –1989 жылдардағы Чернобыль атом стансасындағы жарылыс зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға біржолғы төлемдер, Жеңіс Күніне қарсы төленетін ай сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу;
      12) Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына және 1988 –1989 жылдардағы Чернобыль атом стансасындағы жарылыс зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға тіс протезін салуға төленетін біржолғы төлем;
      13) Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына және 1988 –1989 жылдардағы Чернобыль атом стансасындағы жарылыс зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы қаражаттай көмек;
      14) жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлердің тоқсан сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу;
      15) ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге тоқсан сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу;
      16) жан басына шаққандағы табыстары облыста белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттеріне оқу ақыларын, ай сайын жолақысы, жатып-тұруына және тамақтануларына төлеу;
      17) жетім студенттерге колледжде оқу ақысын төлеу;
      18) интерн бойынша жоғары оқу орнында акушер-гинеколог,  дәрігер-хирург мамандығы бойынша оқитын студенттердің оқу ақысын төлеу;
      19) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, отбасында 18 жасқа дейін 3 және одан көп балалары бар, өз еркімен қосалқы шаруашылыққа ие болуға мүмкіндігі жоқ отбасыларына қосалқы шаруашылық, жем-шөп сатып алуға берілетін біржолғы көмек;
      20) азаматтардың жеке санатына отын алу үшін қаражаттай көмек және жеке өтініштері бойынша біржолғы көмек көрсету:
           1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
           2) мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушыларға;
           3) 4 және одан көп балалары бар көпбалалы отбасыларына;
           4) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға;
           5) мүгедектерге және мүгедек балалары бар отбасыларына;
           6) жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға;
           7) онкологиялық және туберкулезбен ауыратын ауруларға;
           8) тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрып жатқан отбасыларына;
           9) жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды тәрбиелепп отырған қорғаншыларға;
      21) мүгедектер күніне орай мүгедектерге берілетін біржолғы көмек;
      22) мүгедектер күніне орай мүгедек балаларға берілетін біржолғы көмек;
      23) балалар церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға төленетін ай сайынғы көмек;
      24) облыс, Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақысына қосымша төлем алатын зейнеткерлер;
      25) туберкулезбен ауыратын ауруларға әлеуметтік көмек, амбулаторлық ауруларға жолақысына және тамақтануларына біржолғы төлемдер;
      26) онкологиялық ауруымен ауыратын ауруларға емделуге біржолғы көмек;
      27) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларға төленетін біржолғы қаражаттай көмек;
      28) жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы қаражаттай көмек;
      29) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға берілетін біржолғы көмек;
      30) 1 жасқа дейін нәресте балалары бар аналарға балалар тамағын алуға көрсетілетін біржолғы қаражаттай көмек;
      31) мекемелерге бекітілмеген зейнеткерлерге Қарттар күніне біржолғы көмек;
      32) жұмыспен қамту органында есепте тұрған зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға біржолғы көмек;
      33) 2010 жылы мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек;
      34) 100 және одан ұзақ жасаған қарттарға біржолғы төлемдер;
      35) 90, 100 және одан көп жасаған зейнеткерлерге Қарттар күніне орай біржолғы төлемдер;
      36) 18 жасқа дейін бала тәрбиелеп отырған аз қамтамасыз етілген қорғаншыларға ай сайынғы қаражаттай көмек;
      37) кәсіптік оқу оқып жүрген жұмыссыздарға жолақысына, тамақтануына және жатып-тұруларына біржолғы көмек;
      38) қаза тапқан әскери қызметкерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне тұрғын үйлерін жөндеуге берілетін біржолғы көмек;
      39) "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға тұрғын үйлерін жөндеуге берілетін біржолғы көмек.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкіидігінің 2010.08.20 N 222/4 қаулысымен.
      3. Аудан азаматтарының жеке санатына әлеуметтік төлемдер келесі мөлшерде тағайындалады:
      Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына:
      Жеңіс Күніне орай сыйлық жиынтықтарына 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
      Жеңіс күніне шеруге қатысу үшін Астана қаласына бару үшін жолақысын төлеуге біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;
      санаторлық-курорттық мекемелерге бару үшін жолақысын төлеуге 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
      тіс протезін салғызу үшін біржолғы төлемдер 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;
      газеттерге жазылу үшін біржолғы төлемдер басылымның нақты құны бойынша көлемінде;
      тұрғын үйлерін жөндеу үшін біржолғы төлем; 15000 (он бес мың) теңге көлемінде;
      дәрі–дәрмек алуға ай сайынғы төлемдер 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу үшін ай сайынғы төлемдер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне Жеңіс Күніне орай сыйлық жиынтықтарын алуға 5 000 (бес мың) теңге көлемінде;
      "1941 - 1945 соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға санаторлық–курорттық мекемелерге дейін жолақысына берілетін біржолғы төлем 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына тұрмыстық үйлерін жөндеуге біржолғы төлемдер 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;
      Кореядағы соғыс оқиғаларына қатысушыларға Жеңіс Күніне орай төленетін біржолғы төлемдер 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
      Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға, 1988–1989 жылдардағы Чернобыль атом стансасындағы жарылыс зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға біржолғы төлемдер:
      Сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы қаражаттай көмек – 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Жеңіс Күніне орай төленетін біржолғы төлемдер 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
      ай сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
      тіс протезін салғызу үшін біржолғы төлемдер 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;
      коммуналдық қызметтер бойынша шығындарын өтеуге:
      Келесі санаттағы азаматтарға ай сайын 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
      некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
      "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына;
      Келесі санаттағы азаматтарға тоқсан сайын 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде:
      жалғызбасты және жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге;
      ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
      Облыстың жоғары оқу орындарында оқитын, интерн өтіп жатқан студенттерге нақты оқу ақысы көлемінде.
      Аз қамтамасыз етілген отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттеріне ай сайын жолақысы, тұрғындық және тамақтануларына 5000 (бес мың) теңге көлемінде.
      Жетім студенттерге колледжде оқуларын төлеуге нақты оқу ақысы көлемінде.
      Қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 80 000 (сексен мың) теңге көлемінде, жем-шөп сатып алу үшін 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде.
      Отын алу үшін берілетін қаражаттай көмек:
      Шарбақты ауылының тұрғындарына 9000 (тоғыз мың) теңге көлемінде;
      ауылдық округ тұрғындарына 12 000 (он екі мың) теңге көлемінде.
      Азаматтардың жеке санатына жеке өтініштеріне сәйкес берілетін біржолғы көмек.
      Мүгедектер күніне орай біржолғы көмек:
      барлық топтағы мүгедектерге 3000 (үш мың) теңге көлемінде;
      мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге көлемінде.
      Балалар церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға төленетін ай сайынғы көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      Қазақстан Республикасы және облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақысына қосымша төлем алатын зейнеткерлерге ай сайынғы әлеуметтік төлемдер 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      Амбулаторлық емделуде жүрген туберкулезбен ауыратын ауруларға ай сайынғы әлеуметтік төлемдер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      Туберкулезбен ауыратын ауруларға әлеуметтік көмек, амбулаторлық ауруларға жолақысына және тамақтануларына біржолғы төлемдер 10000 (он мың) теңге көлемінде.
      Онкологиялық аурумен ауыратын ауруларға емделу үшін берілетін біржолғы көмек - 10000 (он мың) теңге көлемінде.
      Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларға төленетін біржолғы қаражаттай көмек - 10000 (он мың) теңге көлемінде.
      Ата-ананың қамқорлығынсыз және жетім балаларға берілетін біржолғы көмек - 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      2010 жылы мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек -  100000 (жүз мың) теңге көлемінде.
      Жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға уақытында есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы қаражаттай көмек - 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде:
      1 жасқа дейін нәресте балалары бар аналарға балалар тамағын алуға көрсетілетін біржолғы қаражаттай көмек - 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      карттар күніне орай біржолғы төлемдер:
      мекемелерге бекітілмеген зейнеткерлерге біржолғы көмек 1000 (бір мың) теңге көлемінде;
      90, 100 және одан көп жасаған зейнеткерлерге біржолғы төлемдер 10000 (он мың) теңге көлемінде;
      100 және одан ұзақ жасаған қарттарға ай сайынғы төлемдер 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға біржолғы көмек 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      18 жасқа дейін бала тәрбиелеп отырған аз қамтамасыз етілген қорғаншыларға ай сайынғы қаражаттай көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына Жеңіс күніне орай 30000 (отыз мың) теңге көлемінде біржолғы төлем.
      Жұмыссыздарға 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы көмек.
      Қаза тапқан әскери қызметкерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 15000 (он бес мың) теңге көлемінде біржолғы төлем.
      "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға 15000 (он бес мың) теңге көлемінде біржолғы төлем.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.08.20 N 222/4 қаулысымен.
      4. Ережедегі 2 тармақта көрсетілген азаматтар санатына әлеуметтік және басқа да төлемдерді жүзеге асыру үшін қажет құжаттар тізбесі:
      1) ережедегі 1), 6), 8), 9), 10), 11), 14), 15), 21), 22), 23), 35) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және Аудандық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы,салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, жеке есепшотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      2) ережедегі 2) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі;
      3) ережедегі 4) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады;
      4) 3), 8) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі;
      5) 5) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының және санаторлық-курорттық картаның көшірмелері, медициналық мекеменің анықтамасы, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі;
      6) 7) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының және санаторлық-курорттық картаның көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі;
      7) 12) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      8) 13) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      9) 16), 18) тармақшаларда көрсетілген тұлғаларға төлемдер білім беру қызметін көрсету туралы үш тарапты келісім, интерн бойынша оқыту шарты негізінде жүргізіледі;
      10) 17) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, оқу ақысының сомасы көрсетілген оқу мекемесінің анықтамасы негізінде жүргізіледі;
      11) 29) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Шарбақты ауданының оқу бөлімі" мемлекеттік мекемесі берген тізім негізінде жүргізіледі. Тізімде баланың аты-жөні, туған жылы және мәртебесі, қорғаншысының аты-жөні, мекенжайы, жеке есепшотының нөмірі, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      12) Ережедегі 19), 20) тармақшаларда көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, Ауылдық округ әкімінің жанындағы комиссия өткізетін тұрмыс жағдайларын зерттеу актісі, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі. Отын және жеке өтініштері бойынша көмек алу үшін тұрмыс жағдайларын зерттеу актісі, ауылдық округ әкімінің қолдаухатынан басқа барлық жоғарыда аталған құжаттар ұсынылады. Жем-шөп сатып алу үшін жеке шаруашылығы бар екенін растайтын қосымша анықтама тапсырылады;
      13) 31) тармақшаларда көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы,салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, жеке есепшотының нөмірі көрсетілуі тиіс;
      14) 34) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      15) 24) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтындығы туралы анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы, зейнеткер куәлігі және жеке басы куәлігінің көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      16) 25) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Туберкулез ауруларына қарсы аурухана" берген тізім негізінде жүргізіледі;
      17) 26) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, онкологиялық ауруын растайтын медициналық анықтама, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы, әлеуметтік жеке код көшірмелері болған жағдайда төленеді;
      18) 27) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер Шарбақты аудандық ішкі істер бөлімі берген тізім негізінде жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққандығы туралы анықтама, жеке басының куәлігі, әлеуметтік жеке код, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері болған жағдайда жүргізіледі;
      19) 32) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
      20) 28) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      21) 30) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және медициналық мекеме берген анықтама негізінде жүргізіледі;
      22) 33) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабы, орта білімі туралы аттестаттың көшірмелері және мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі;
      23) 36) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабы, қорғаншылық тағайындау туралы шешімнің көшірмелері және мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі;
      24) нұсқаудағы 2 тармақ 37)тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және жұмыссыз екендігі туралы мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
      25) нұсқаудағы 2 тармақ 38), 39) тармақшаларда көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.08.20 N 222/4 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады