2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы N 1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 желтоқсанда N 867 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2011 жылғы 03 мамырдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2011.05.03 № 1 шешімімен.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-3 Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабын, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және бұрын әскери тіркеуден өтпеген жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене бітімінің даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылуға алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Алматы қаласы Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
      2. Алматы қаласы аудандарының әкімдері:
      1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      2) тіркеу мерзімінде Алмалы, Әуезов, Бостандық және Түрксіб аудандарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға 10 техникалық қызметкерді және Жетісу мен Медеу аудандарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға 8 техникалық қызметкерді бөлсін;
      3) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру үшін 1 бірлік автокөлік құралын берсін;
      4) Алматы қаласына тұрақты тұруға немесе үш ай мерзімнен көп уақытқа тұруға келген, әскер қатарына шақырылуға жататын азаматтарды есепке қою жұмыстарын ұйымдастырсын;
      5) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы ауданда тұратын барлық ұйымдарды есепке алсын, әскери-есеп жұмыстарын жөнге келтірсін, есепте тұрған шақыру жасына дейінгілердің тізімдерін салыстырсын.
      3. Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі:
      1) Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2008 жылғы 25 қарашадағы «Алматы қаласы Алатау ауданының азаматтарын уақытша әскери есепке алуды ұйымдастыру туралы» № 102 бұйрығына сәйкес шақыру учаскелеріне 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Әуезов аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы тіркеуді ұйымдастырсын;
      2) тіркеу мерзімінде Әуезов аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 10 техникалық қызметкерді және тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру үшін 1 бірлік автокөлік құралын бөлсін;
      3) осы шешімнің 2 тармағының 4 және 5 тармақшаларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
      1) шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізу кезеңінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандырсын;
      2) әскери техникалық мамандықтар бойынша дайындауға және Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі әскери оқу орнына түсу үшін үміткерлерді іріктеу өткізсін;
      3) азаматтарға әскери есепке тұру жөніндегі міндеттерін түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырсын;
      4) 2011 жылдың 15 сәуіріне дейін осы шешімнің орындалуы туралы Алматы қаласының әкімдігіне хабарласын.
      5. Алматы қаласының Білім басқармасы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесе отырып:
      1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пунктіне келуін, шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты оларды міндеттерін орындау үшін қажетті уақытта оқудан босатуын;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға хабарлауды, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы және бекітілген кестеге сәйкес осы шақырулар бойынша уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      6. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті (келісім бойынша) әскери есепке алынудан бас тартқан азаматтарды анықтау және оларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      7. Алматы қаласы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 01 «2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2010 жылғы 15 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 834 рет санымен тіркелген, «Вечерний Алматы» газетінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 7 санында және «Алматы Ақшамы» газетінің 2010 жылғы 27 ақпандағы № 24-25 санында жарияланған) шешімі қолдану мерзімі аяқталуына байланысты жойылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                  А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады