2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 379 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 871 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 491 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011.12.07 N 491 (2012.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 101 бабына және Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 495 бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIII сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 261 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 25 желтоқсанда № 830 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 және «Вечерний Алматы» газетінде 2009 жылғы 29 желтоқсанда № 158 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасына (C.М.Калаков) және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына Е. Шормановқа жүктелсін.
      4. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХХІV сессиясының
      төрағасы                                О. Печеник

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев

IV сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XXXІV сессиясының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 379
шешіміне қосымша

2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың
шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:

Рет
Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) 1 килограмм үшін төлемақы ставкалары,
(АЕК)

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:

Рет
Отын түрлері Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін төлемақы ставкалары,
(АЕК)

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,48

      3. Жер үсті су қоймаларына ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:

Рет
Ластағыш заттардың
түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары,
(АЕК)

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары:

Рет
Ластағыш заттардың
түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары,
(АЕК)

4.1. Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда,
жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:

4.1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,38

4.2. Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:

4.2.1.

«қызыл» тізім

14

4.2.2.

«янтарь» тізім

8

4.2.3.

«жасыл» тізім

2

4.2.4.

жіктелмегендер

0,9

4.3. Бұдан басқа:

4.3.1.

аршынды жыныстар

0,004

4.3.2.

жанас таужыныстары

0,026

4.3.3.

байыту қалдықтары

0,02

4.3.4.

шлактар, шламдар

0,038

4.3.5.

күл мен күлшлактар

0,66

4.3.6.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,018

      5. Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):

Рет
Ластағыш заттардың
түрлері
1 гигабеккерель (Гбк) үшін төлемақы ставкалары,
(АЕК)

1.

Трансуранды

0,76

2.

Альфа-радиоактивті

0,38

3.

Бета-радиоактивті

0,04

4.

Шынақты радиоактивті
көздер

0,38

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХХІV сессиясының
      төрағасы                                 О. Печеник

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                     Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады