Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.11.2018 № 5 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген 50 пайызға көтерілсін".
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.03.2011 N 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 22.07.2016 N 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы ІІІ шақырылған кезектен тыс Х сессиясының № 2 шешімінің күші жойылды деп есептелсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 23 желтоқсанның 1424 нөмірінде тіркелді, "Добрый вечер" газетінің 2004 жылғы 31 желтоқсанның 53 нөмірінде жарияланды).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Мишин |
Қалалық мәслихат хатшысы |
Р. Сыздықов |