"Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" IV шақырылған Петропавл қалалық мәслихаты кезектен тыс XXIII сессиясының 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 3 мамырда N 13-1-195 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.11.2018 № 5 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 387-бабы 1-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" ІV шақырылған Петропавл қалалық мәслихаты кезектен тыс ХХІІІ сессиясының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне (2010 жылғы 12 ақпандағы № 13-1-171 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпандағы № 9 "Проспект СК" газетінде, 2010 жылғы 19 ақпандағы № 19 "Қызылжар Нұры" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ "автотұрақтар (паркингтер), автокөліктерге жанармай құю станциялары үшін бөлінген (бөліп берілген) және казино үшін алынған жерлерден басқа" сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының Қалалық мәслихат
      төрағасы хатшысы
      Ю. Белоног Р. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады