Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 11.09.2013 N 1669 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 27-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-173, 2010 жылғы 26 ақпанда «Қызылжар нұры» газетінің № 11 және «Проспект СК» газетінің № 10 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері» 1 қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын, қосымшаға сәйкес;
аталған қаулымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың 2010 жылға арналған еңбекақы төлемінің мөлшері» 2 қосымшасында «2010 жылға» сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Балғашоқоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының әкімі Н. Әшімбетов
Петропавл қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 1762 қаулысына қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері
№ |
Кәсіпорындар |
Жұмыс |
Қоғамдық |
Жұмыс көлемі |
1 |
Петропавл қаласы әкімдігінің «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
200 адам |
Қала аумағын жинауға көмек көрсету; |
50400000 шаршы |
2 |
«Солтүстік Қазақстан облысының ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы» мемлекеттік мекемесі |
7 адам |
Халықтың әлжуаз топтары қатарына алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету (есірткі инъекцияларын тұтынушылар) |
5000 адамды қамту мен дәрістер, әңгімелесу |
3 |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
5 адам |
Қаланың оқу орындарында есірткі инъекцияларымен алкогольді тұтынушы жастар арасында алдын алу жұмыстарына көмек көрсету |
2880 адамды қамту мен дәрістер, әңгімелесу |
4 |
«Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
10 адам |
Халыққа қызмет етудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету |
1200 іс |
5 |
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаменті» мемлекеттік мекемесі |
6 адам |
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмектесу; |
44000 құжат |
6 |
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
6 адам |
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындау; компьютерлік теруге, ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету; қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және жүргізуге көмек көрсету |
Құжаттардың жинақталуына қарай |
7 |
«Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі» |
6 адам |
Иесіз мүлік ретінде жер телімдерін тексеруге, таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек; мұрағаттық құжаттарды өңдеу |
5000 құжат |
8 |
«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
8 адам |
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер), әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының деректер базасын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеу; курьер жұмысы |
Құжаттардың жинақталуына қарай |
9 |
«Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
2 адам |
Мерейтойлық салтанаттарды, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу |
Құжаттардың жинақталуына қарай |
10 |
«Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
2 адам |
Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітаптарын жасауға көмек |
10132 ауланы аралып шығу |
11 |
«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
2 адам |
Жылжымайтын тұрғын үй объектілеріне түгендеу жүргізуге және иесіз жылжымайтын объектілерінің есебін реттеуге көмек |
1200 тұрғын үй объектісін тексеру |
12 |
«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
1 адам |
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
300 іс |
13 |
«Петропавл қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
7 адам |
Бұрынғы КСРО төлқұжаттарын ауыстырмаған және жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ жеке куәліктерін қайта ресімдемеген азаматтарды айқындау және құжаттандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге көмек |
14000 құжат |
Жиынтығы: |
262 адам |