"2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" Аққайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 тамыздағы N 170 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қыркүйекте N 13-2-122 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 02.03.03-29/369 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)

      «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 69 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізімдемесінде 2010 жылғы 04 мамырда № 13-2-116 тіркелді және «Колос» газетінің 2010 жылғы 06 мамырдағы № 18 жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасына:
      комиссия құрамына енгізілсін:

Гриб Виталий Владимирович

- «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша)

      комиссия құрамынан Мереке Бүркенұлы Баймұқанов шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Нәсиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Елубаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің «Аққайың аудандық
      орталық аурухана» коммуналдық
      мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                 Т.С. Күсемісов

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      ішкі істер департаментінің
      Аққайың аудандық ішкі істер
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Б.А Жахин

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В.В Гриб

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады