2010 жылға арналған Айыртау ауданындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 маусымдағы N 180 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 шілдеде N 13-3-120 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурызда N 84 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2011.03.25 N 84 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектер мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер беру туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек берілсін:
      1) 400 (Төрт жүз) теңге көлемінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға монша және шаштараз орындарына бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктермен Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге әлеуметтік көмек, жылына бір рет тағайындалады, шот-фактураны тіс протездеудің көлем бағасына сәйкес беріледі (қымбат металлдар, металлокерамика, металлопластика протездерінен басқасы);
      3) 4 (төрт) айлық есеп көрсеткіші көлемінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      4) емделу бағасы көлемінде жылына бір рет бөлінген қаражат шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге: Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, басқа да санатты тұлғаларға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға және барлық санаттағы мүгедектерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» аспамен марапатталған немесе ертеде «Батыр-ана» атағын алғандарға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбектері үшін зейнетақы тағайындалған І және ІІ дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған тұлғаларға, Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы ордендерінің иелеріне, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС зардаптарын жоюшылар қатарындағы тұлғаларға (өз бетімен кеткен), көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасына шеттету және қоныс аудару аймағынан көшірілгендерге;
      5) бөлінген қаражат шегінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, "1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталғандарға, Ұлы Отан соғысында ерлері қаза болған әйелдерге, қайта тұрмыс құрмаған әйелдерге, бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған концлагерлердің тұтқындары болғандарға, блокадалы Ленинград тұрғындарына, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» аспамен марапатталған немесе ертеде «Батыр-ана» атағын алған, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған тұлғаларға экскурсиялық (әуетур) сапарлар;
      2. Анықталсын:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға монша және шаштараз орындарына бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және өтініш иесінің қайтыс болуына немесе Айыртау ауданының аумағынан тыс кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем көрсетілген жағдайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
      2) Әлеуметтік төлемдер жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес, екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы алушының дербес шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
      3. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бағдарламасы бойынша аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылған қаражат шегінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша іс-шараларды қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін.
      4. Әлеуметтік көмек 2010 жылға арналған аудан бюджетінен бөлінген қаражат шегінде беріледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі                    Е. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады