2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Мағжан Жұмабаев ауданы аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 145 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 13-9-118 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы N 1 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011.01.06 N 1 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шықыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылып, қамтамасыз етілсін.
      2. Ауданда әскерге шақыруды жүргізу үшін құрамы қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Шақыру комиссиясы Булаево қаласында Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінде жүргізілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыру үшін:
      Булаево қаласында Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіндегі медициналық комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін;
      мамандығы бойынша тәжірибелі маман-дәрігерлер және орта медициналық персоналдың қажетті санын бөлсін;
      әскерге щақыру комиссиясын қажетті медициналық құралдармен, жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етсін;
      шақырылушыларды аудандық ауруханада стационарлық тексеру үшін орын бөлуді ескерсін.
      5. «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды аудандық шақыру комиссияларының құрамына енгізуді;
      шақырудан жасырынып қалуға жол бермей, азаматтардың шақыру пунктеріне келуін бақылауды, әскери қызметтен жасырынған тұлғаларды жеткізуді ұйымдастыруды;
      әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
      6. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі шақыру науқанын жүргізу кезінде:
      алыс елді мекендерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясын өтуге жеткізу үшін автомобиль көлігін бөлуді;
      қызмет көрсететін персонал және техникалық жұмысшылардың қажетті санымен қамтамасыз етсін.
      7. «Мағжан Жұмабаев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлінген қаражат шегінде шақыру науқанын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      8. Әскерге шақыру пунктіне іссапарға жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің, сондай ақ қызмет көрсету персоналының жұмыс орны, лауазымы және еңбекақысы сақталсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Зікібаевқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев
      ауданының орталық аудандық
      ауруханасы» шаруашылық
      жүргізу құқығындағы коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорнының
      бас дәрігері                               В.Уваров

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ішкі істер департаменті
      Мағжан Жұмабаев ауданының
      ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.Асылбеков

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ж.Шәріпов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі № 145
қаулысына қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Шәріпов Жәйлау Қабұлқайырұлы

қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Бражник Галина Николаевна

аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Донова Людмила Николаевна

орталық аудандық аурухананың салауатты өмір салты бойынша медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Нұрпейсов Манарбек Қайыртайұлы

ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Учайкина Галина Васильевна

орталық аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Шақыру комиссиясының қандай да бір мүшелері міндеттерін атқару мүмкіндігі болмай қалған жағдайға, резервті комиссия құрамы құрылсын:

Өтеуов Ерлан Сайранұлы

қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша жинау және шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Алдаева Сара Тілеубергенқызы

ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Федулова Людмила Геннадьевна

орталық аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Каженов Еркеш Ережепұлы

ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Воробьева Вера Николаевна

орталық аудандық аурухананың терапевт дәрігері (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады