Ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы N 179 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда N 13-11-169 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі N 111 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 11.07.2013 N 111 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек жылына бір рет 3 (үш) мың теңге мөлшерінде берілсін.
      2. Аудандық мәслихат шешімінің күші жойылды деп танылсын:
      «Ауылды (селолық) жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері туралы» (2004 жылғы 17 тамызда мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1326, «Тайыншинские вести» 2004 жылғы 10 қыркүйек) аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 шілдедегі № 42 шешімі;
      «Ауылды (селолық) жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 шілдедегі № 42 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2006 жылғы 14 тамызда әділет басқармасында тіркелген № 13-11-45, «Тайыншинские вести» 2006 жылғы 25 тамызда) аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 шілдедегі № 147 шешімі.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ю. Машталяр
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады