Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.22 N 02.10-07-02-542 хаты)
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 18-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімі ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жетіге толатын және одан үлкен жастағы бұрын тіркеуден өткен тұлғаларды, Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың қаңтар-наурызы аралығында тіркеу жүргізілсін.
2. Тайынша қ. мен селолық округтардың әкімдері әскери міндеттілер мен шақырылушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылуы туралы құлақтандырсын және олардың уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
3. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы (Сәрсембаев Б.Ә.) тіркеу комиссиясын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат бөлусін.
4. Ұсынылсын:
1) Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Мартынюк П.В.) тіркеу жүргізу кезінде ұсынылсын:
- шақыру учаскесіндегі реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету;
- шақыру учаскесіне азаматтардың келуін бақылауды іске асыру, тіркелуден жалтарғандардың жолын кесу;
- әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздеу мен ұстауды іске асыру;
2) Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Рафальский А.П.) (келісім бойынша):
- шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі медициналық комиссия үшін қажетті жабдықтармен, құжаттармен және қажетті дәрі-дәрмектермен және тіркелетіндерді медициналық қарау үшін дәрігер мамандарды іріктеуді қамтамасыз етсін;
- қажетті зертханалық зерттеулер жүргізсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тайынша ауданының әкімі А. Маковский
Келісілді:
Тайынша ауданы қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы Е. Мұсақұлов
«СҚО ішкі істер Департаменті Тайынша
ауданы ішкі істер бөлімі» ММ бастығы П. Мартынюк
«Тайынша Орталық аудандық ауруханасы»
ШЖҚ КМК бас дәрігері А. Рафальский