Тимирязев ауданының аумағында сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі N 180 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 қазанда N 13-12-115 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 03 қарашада N 203 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2010.11.03 N 203 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабының 46-тармақтарымен сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тимирязев ауданының аумағында № 11 сайлау округі бойынша кеткен депутаттың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1 қосымшаға сәйкес орындарды анықтау.
      2. № 11 сайлау округі бойынша кеткен депутаттың орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушылармен кездесу өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес үй-жайды анықтау.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Е.В. Худяковқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қасенов

      «КЕЛІСІЛГЕН»:
      Тимирязев аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Г.Г. Бутыч

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 180 қаулысына 1-қосымша

№ 11 сайлау округі бойынша кеткен депутаттың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі

Елді мекеннің атауы

Орналасу орны

Тимирязев селосы

Тимирязев селолық округ әкімі аппаратының ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Букетова көшесі, 25

Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білімді мектеп-гимназиясының ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Букетова көшесі, 23

Тимирязев қазақ мектеп-интернатының ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Жұмабаев көшесі, 10

Тимирязев аудандық Мәдениет үйінің ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Жеңіс көшесі, 11

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 180 қаулысына 2-қосымша

№ 11 сайлау округі бойынша кеткен депутаттың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлардың тізбесі

Елді мекеннің атауы

Кездесулер өтетін орны

Тимирязев селосы

Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білімді мектеп-гимназиясы, Букетова көшесі, 23

Тимирязев қазақ мектеп-интернаты, Жұмабаев көшесі, 10

Тимирязев аудандық Мәдениет үйі, Жеңіс көшесі, 11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады