2010 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағындағы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 84 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 13-14-101 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы N 238 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 19-бабы 3-тармағына, 20-бабы 1-тармағына, «Әскери қызметінің белгіленген мерзімін атқарған жедел әскери қызметінің әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарының жедел әскери қызметке кезекті шақырылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, кейінге қалдырылған немесе әскерден босатылуға құқықтары жоқ ер азаматтарды, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімде әскери қызметті атқармаған, сонымен қатар оқу мекемелерінен шығарылған азаматтарды, 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің ішкі әскери қатарға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланға, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Әскерге шақыруды өткізу үшін қосымшаға сәйкес құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша):
      1) әскерге шақырылушылардың және талапкерлердің, әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар және орта медициналық персонал құрамынан қажетті маман-дәрігерлер бөлсін;
      2) медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмек және құрал-сайманмен қамтамасыз етсін;
      3) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың қосымша медициналық зерттеуін қамтамасыз етсін, ол үшін қажетті санды керует-орнын бөлсін.
      4. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыруды өткізу үшін аудандық қорғаныс істері бойынша біріккен бөліміне бөлінген қаржы бөлу шегінде уақытында ақша қаражатының бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Кузичева Елена Петровнаға жүктелсiн.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                А. Әмрин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігі Шал ақын ауданының орталық
      аудандық аурухана» коммуналдық қазыналық
      мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері      Б.Ә. Әбдімәлік
      2010 жыл 10 сәуір

      «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын
      ауданының қорғаныс істері жөніндегі
      біріккен бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Р.Р.Мұратбеков
      2010 жыл 10 сәуір

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 19 сәуірдегі
қаулысымен бекітілді

Шақыру комиссиясының құрамы

      Мұратбеков                 - комиссияның төрағасы,
      Рамазан Рашидович          Шал ақын ауданының Қорғаныс
                                 істері бойынша біріккен бөлімінің
                                 бастығы (келісім бойынша);

      Кузичева                   - комиссия төрағасының орынбасары,
      Елена Петровна             аудан әкiмiнiң орынбасары.

      Комиссия мүшесі:

      Ескендіров                 - Шал ақын ауданының ішкі істер
      Мұрат Қадырұлы             бөлімі бастығының орынбасары
                                 (келісім бойынша);

      Жантасова                  - медициналық комиссияның төрағасы,
      Дамиля Еспердіқызы         орталық аудандық аурухананың бас
                                 дәрігерінің орынбасары (келісім
                                 бойынша);

      Шекенова                   - комиссия хатшысы (келісім
      Балдырған Шәпешқызы        бойынша).

Тіркеу комиссиясының резервтік құрамы:

      Ысқақов                    - комиссия төрағасы, Шал ақын
      Қуат Оспанұлы              ауданның Қорғаныс істері бойынша
                                 біріккен бөлімі Бастығының
                                 орынбасары (келісім бойынша);

      Жұмабекова                 - Шал ақын аудан әкімі аппаратының
      Гүлжәмилә Мұқанқызы        басшысы;

      Комиссия мүшелері:

      Шинтеміров                 - кәмелеттік жасқа толмағандардың
      Тлеген Оралұлы             істері жөніндегі инспектор (келісім
                                 бойынша);

      Смайылов                   - медициналық комиссияның төрағасы
      Ерік Дүйсенұлы             (келісім бойынша);

      Базарбекова                - комиссия хатшысы (келісім
      Бибігүл Мүсенқызы          бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады