Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 237 "Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 11 тамыздағы № 155 қаулысы. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 25 тамызда № 4-5-133 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 07 маусымдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 07.06.2012 № 107 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы хатын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 237 "Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-5-111 тіркелген, 2009 жылғы 9 қыркүйектегі аудандық "Қызылқоға" газетінің № 39 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      12 тармақта "15 000" деген цифрлар "20 000" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                          Б. Сәрсенғалиев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады