Индер ауданы аумағында тұратын 1983-1992 жылдары туылған ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 164 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте № 4-6-106 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 100 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 17.05.2011 № 100 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау үшін аудандық комиссиясының құрамы бекітілсін (1 қосымша).
      3. 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы бекітілсін (2 қосымша).
      4. Аудандық ауруханаға (А. Доспаева) (келісім бойынша):
      1) әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын медициналық куәландыру, дәрігерлік комиссияны қажетті маман медбикелермен толықтыру;
      2) шақыру комиссиясы уақытында емделуге жіберілген азаматтардың аудандық ауруханада дер кезінде емделіп, сауықтырылуын қамтамасыз ету;
      3) шақыруға жататын азаматтарды уақытында сапалы флюорографиялық тексеру және жалпы анализдерін, қан құрамын анықтап белгілеу және жүректің электрокардиограммасын жазу тапсырылсын.
      5. Округтер әкімдеріне шақырылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне жеткізуді және шақырудан жалтарған азаматтарды жергілікті учаскелік полиция қызметкері арқылы шығаруды қамтамасыз ету тапсырылсын.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Шалхаров) 2010 жылғы сәуір–маусым және қазан–желтоқсан шақыру уақыты аралығында шақыруға келмегендерді іздестіріп жеткізу, шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандар командасын облыс орталығына жеткізу үшін арнайы полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).
      7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Г. Сүйеуова) мерзімді әскери қызметке шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін сәуір–маусым және қазан–желтоқсан шақыру айларында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
      8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Б. Сұлтанов) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкерлермен келісім–шарт жасап, 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы туралы аудан әкімінің аппаратына хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).
      9. Аудандық қаржы бөліміне (Г. Қонасова) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне қажетті дәрі-дәрмектерге, медициналық құрал-жабдықтарға, іс–қағаздарына, тазалық жұмыстарына және шақырылушыларды тасымалдау үшін қаржы аудару тапсырылсын.
      10. Осы қаулы Әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынылсын.
      11. Осы қаулының орындалысын бақылауда ұстау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
      12. Осы қаулы 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          А. Сарсенғалиев

      Келісілді:
Индер аудандық Қорғаныс істері              Аудандық аурухананың
жөніндегі бөлімінің бастығы                 бас дәрігері А. Доспаева
Б. Сұлтанов. 3.08.2010 ж.                   3.08.2010 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің               Аудандық қаржы бөлімінің
бастығы А. Шалхаров                         бастығы Г. Қонасова
3.08.2010 ж.                                3.08.2010 ж.

Аудан әкімдігінің   
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 164 қаулысына 1 қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

Сұлтанов Берік   - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
Сұлтанұлы          тіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Шакимов Берік    - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы,
Жеңісұлы           төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
      Комиссия мүшелері:
Бигамбаев Ерлан  - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет
Валерьевич         бабындағы орынбасары (келісім бойынша);
Қаражанова Күляш - аудандық аурухананың бас дәрігерінің
Құбайдоллақызы     орынбасары, дәрігерлік комиссияның төрайымы
                   (келісім бойынша);
Гилманова Роза   - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Кәрімқызы

Аудан әкімінің    
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 164 қаулысына 2 қосымша

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді
әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін
дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы:

Дәрігерлік комиссияның төрайымы – Қаражанова Күләш Құбайдоллақызы.
      1. Дерматолог    - Қаражанова Күләш
      2. Кардиолог     - Тұнғатарова Айман
      3. Медбике       - Мұқаналиева Жаңылсын
      4. Медбике       - Имангазиева Марал
      5. Медбике       - Ысқақова Дариға
      6. Невропатолог  - Ермекқалиева Айжан
      7. Нарколог      - Бакенова Ханбибі
      8. Окулист       - Құсайынова Анар
      9. Отоларинголог - Аманова Таған
      10. Психиатр     - Бакенова Ханбибі
      11. Рентгенолог  - Кетебаев Сапарғали
      12. Стоматолог   - Жасақбаева Тамара
      13. Терапевт     - Ескалиева Жанар, Таудаев Қайыржан
      14. Фтизиатр     - Кетебаев Сапаргали
      15. Хирург       - Дүйсенбаев Нұрбек, Сапиев Қаршыға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады