Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2011.01.12 № 2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
1. Аудан әкімінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы № 01 "Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" шешімінің № 1 қосымшасымен бекітілген (нормативтік құқықтық акті 27 қаңтар 2010 жылы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-182 тіркелген, 2010 жылғы 25 ақпандағы "Серпер" газетінің № 9 санында және 2010 жылғы 4 наурыздағы № 10 санында жарияланған) Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы өзгертілсін:
Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының төраға орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Қалиев Ғаділхан басқа қызметке тағайындалуына байланысты, орнына Муса Абдуррахман енгізілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С. Рахимов